17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордалық полицей суға батып бара жатқан студентті құтқарды

5 Маусым 2023 21:49
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордалық полицей суға батып бара жатқан студентті құтқарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 маусым. Жалағаш ауданында полиция майоры Ержан Әбдіраманов суға кетіп бара жатқан студентті алып шығып, оның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы «Кызылординские вести» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Бүгін, шамамен сағат 12:00-де Жалағаш ауданы жергілікті полициясының бастығы, полиция майоры Ержан Әбдіраманов 25 жастағы студентті құтқарды», – делінген хабарламада.

Басылымның жазуынша, ол аудан орталығының территориясын аралап келе жатады. Учаскелердің бірінде айғайлап көмек сұрап, жүгіріп жүрген балаларды көрген майор соларға қарай бұрылады. Сөйтсе, «Солтүстік жарма» каналына қармақ салып, балық аулап отырған балалар бір кезде арнада суға батып бара жатқан адамды байқап қалады. Сол кезде полицей ойланбастан суға секіріп, суға бір батып, бір шығып бара жатқан жігітке ұмтылады. Бірер сәттен кейі-ақ Ержан жүзіп жетіп алып, оны қолтығынан ұстап, жағаға қарай қайта малти жөнеледі. Осының арқасында суға батып бара жатқан жас жігіт ажал тырнағынан аман қалады.

Соңыра анықталғандай, каналдың жағасында кетіп бара жатқан жігіттің аяғы тайып кетіп, суға құлап түскен екен. Бірақ жүзу білмегесін, ештеңе істей алмай, арнамен ағып кете барады.

Зардап шегушіні көп ұзамай «Жедел жәрдем» алып кетеді, ал ержүрек те шешімтал полицей түк болмағандай, одан әрі өзінің қызметін жалғастып кете береді.

Полиция майоры Ержан Әбдірамановтың жасы 34-те екен. Ол үйленген, отбасында 4 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Полицияда 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.

Оның өмір тарихында мұндай жағдай бірінші рет кездескен. Дегенмен, қызметіндегі жемісті жұмыстары үшін «Үздік полицей» атағын алған.

– Адамдарды құтқару, көмек керек болған жерден табылу – менің күнделікті жұмысым. Сол үшін де біз полиция қызметкерлеріміз, біз адамдардың тыныштығы үшін қызмет етеміз, – деп жауап берді Ержан өзінің бүгінгі ерлігіне орай қойылған сұраққа.

Полиция қызметкерінің бұл әрекетіне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірден реакция жасап, оқиғаға өз бағасын берді, өзгенің өмірі үшін өз өмірін сынға салған мемлекеттік қызметкердің ерлігіне риза болып, оған ақеден алғыс сезімін жеткізді.

Өңір басшысы осыған байланысты Facebook әлеуметтік желісінде «Біз үшін әр адамның өмірі қымбат» деген бастақырыппен жазба (пост) жариялады.

«Әлеуметтік желіден полиция майорының суға кету қаупі төнген адамды құтқарған бейнежазбаны көрдім. Ол өз өмірін қатерге тігіп, жігітті жағаға алып шықты.

Бұл оқиға бүгін түс кезінде Жалағаш кентінен 3 шақырым қашықтағы «Северный» каналында болыпты. Каналдағы су деңгейін көруге барған Жалағаш кентінің тұрғыны Данияр Бекбайдың аяғы тайып кеткен, – деп жазды Нұрлыбек Машбекұлы. – Сол сәтте Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ержан Абдраманов оны судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлерге табыстаған. Қазір Данияр аудандық ауруханада тексеруден өтуде. Жағдайы бірқалыпты».

«Біз үшін әр адамның өмірі қымбат. Дер уақытында шешім қабылдау, әрекет ету арқылы майор Ержан Абдраманов адам өмірін құтқарып қалды. Ол дәл сол сәтте ерлік жасайын, елге танылайын деп ойламағаны анық. Бұл бейнежазба желіде тараған соң ғана ел білді.

Сын сағатта, қоғамның тыныштығын сақтауда осы сияқты қаншама ерлік жасалуда. Оның бәрі жарияланбайды, бірақ адамды аман алып қалу үшін кез келген полиция қызметкері дер кезінде осындай батыл шешім қабылдай алуы тиіс», – деп атап өтеді облыс әкімі бұдан әрі.

«Маусым басталысымен, күн ысыды. Судағы жазатайым оқиғалардан сақтанайық, ағайын. Ал полиция майоры Ержан Абдрамановқа өз қызметіне адалдығы үшін алғыс айтамын», – деп аяқтайды сөзін Қызылорда облысының әкімі.

Суреттерде: полиция майоры Ержан Әбдіраманов

Таңбалар: алғысЕржан ӘбдірамановканалНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist