Белгород облысында әскерилер еріктілер армиясы жағына өтіп жатыр
БЕЛГОРОД. 2 маусым. Ресейдің Белгород облысындағы әскери қызметкерлері ресейлік еріктілердің «Свобода России» және «Российский добровольческий корпус» легиондары жағына өтуді бастады. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей еріктілерінің «Свобода России» және «РДК» легиондары бірнеше рет рейд жасап келгеннен кейін Ресейдің Белгород облысындағы әскерлерилері ресейлік еріктілер тарапына өтуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Ресей армиясының Белгород облысында «гранатометшінің көмекшісі» лауазымында қызмет атқарып жүрген бұрынғы әскери қызметкері РФ-дағы режимді ауыстыру жолында күресуге шешім қабылдады. Осыған байланысты түсілген кадрлар «Украина 365» телеграм-каналында жарияланды.
«Кезекті мәрте «Свобода России» және «РДК» легиондары рейд жасап келіп, біздікілер түгел қашып кеткеннен кейін мен украиндар тарапына өтуге шешім еттім. Жай ғана өтіп қоя салмай, «Свобода России» және «РДК» легиондары сапына қосылмақшы болдым, өйткені, біз Ресейде ешкімге керек емеспіз, жалпы, елдегі ахуалды өзгертетін уақыт келді. Билік өзгермейді, қайта нашар болып бара жатыр. Мен әйелім, балаларым үшін соғысуым керек деп есептеймін. Олар соған тұрады», – деп ағынан ақтарылды ресейлік.
Ол сондай-ақ өзінің бұрынғы қаруластарына үндеу жасап, оларды елдің болашағы үшін бірге күресуге шақырды. «Бізде бұдан басқа жол қалған жоқ», – деді әскери қызметкер.
Еске сала кетейік, 1 маусым күні «Ресейдің ерікті корпусы» және «Ресейдің азаттығы» легиондарының жауынгерлеі Белгород облысына шабуыл жасаудың екінші кезеңін бастаған еді. Көтерілісшілер Шебекино қаласын бірден басып алды. Ал РФ әскерлері еріктілер келген бойда облысты тастай қашты. Қала тұрғындарын эвакуациялау олардың қаперлерінде болған жоқ. Бейбіт жұрт үйлердің жертөлелерінен шыға алмай қалды. Шамалары келгендері қашып үлгерді.
РФ қорғаныс министрлігіндегілер әдеттегідей өтірікке толы баянат беруден асқан жоқ. Олар «жаудың бір бөлігін жойып жібергендерін, қалған бөлігі украин жеріне қайтып кеткендерін» мәлімдеді. Бірақ қазір қалада олар емес, ресейлік еріктілер отыр.