Әзербайжан президенті Қарабақ басшысынан берілуді талап етті
БАКЫ. 29 мамыр. Әзербайжан президенті Қарабақ басшысынан бағынуды талап етіп, олай болмаған жағдайда қайта соғыс басталатынын ескертті. Бұл туралы oxy.az порталы дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Әзербайжан билігі Армения республика территориясының Бакыға бағынатынын сөз жүзінде мойындағаннан кейін Қарабақтың басшысы Араик Арутюняннан өздеріне берілуді талап етті.
Haqqin.az ресурсының жазуынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұлай болмаған жағдайда Қарабаққа атойлап, ұрыс салып кіретіндеріне ишара білдірді. Ол Бакының Қарабақта «кез келген операцияны өткізуге құқылы» екенін, себебі, бұл жер ерте замандардан бері Әзербайжан елінің меншігі болып табылатынын еске салып өтті.
«[Карабақ] парламент таратылуға тиіс, ал өзін «президент» деп есептейтін элемент біздің билікке берілуге тиіс, барлық министрлер, депутаттар және басқалар өздерінің орындарын тастап шығуға тиіс. Тек осындай жағдайда ғана олар үшін жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Тек осы жағдайда ғана оларға қатысты әлдеқандай бір рақымшылық жөнінде сөз қозғалып қалуы мүмкін», – деп қадап айтты мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Таулы Қарабақ Әзербайжанның бір бөлігі екенін мойындауға дайын екенін тікелей мәлімдеген болатын. «Әзербайжанның 86 600 шақырымдық территориясы құрамында Таулы Қарабақ та бар», – деді ол.