2024 жылдан Қазақстанда заңдарды қазақ тілінде жазу міндеттеледі
АСТАНА. 25 мамыр. Алдағы жылдан бастап Қазақстанда барлық заңдар қазақ тілінде дайындалатын болады. Бұл туралы turkystan.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сол үшін екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасының сәйкестігін тексеру биыл басталады деді», – деп жазды turkystan.kz.
Nege.kz сайтының мәліметінше, 2023 жылдың екінші тоқсанында қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілер (НҚА) мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарланған.
Аталған шаралар қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарында баяндалған.