26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Боксшы Руслан Мырсатаевтың бала-шағасы Сирияға не іздеп кетті?

23 Мамыр 2023 16:41
- Жаңалықтар, Тіршілік
Боксшы Руслан Мырсатаевтың бала-шағасы Сирияға не іздеп кетті?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 23 мамыр. Қазақстандық белгілі боксшы Руслан Мырсатаевтың әйелі мен екі қызынан тұратын отбасы Сирия жеріне кетіп қалыпты. Бұл туралы әлеуметтік желі дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде бұл оқыс оқиға қызу талқыға түсіп жатыр.

Ондағы ақыл-естері түзік адамдар сириялықтардың өздері атыс-шабыстың астында қалған елдерінен қашып жатса, бұлардың олай қарай неге бет түзегендерін түсінге алмай әлек.

Шынында да қырғын соғыс, алашапқын болып жатқан Таяу Шығыс атырабынан сыртқа кетіп жатқан босқын жұртта қазір есеп жоқ.

Осыған орай белгілі журналист Тоқтар Жақаш былай деп жазады:

«Сириялықтар елінен қашып, әлемде босып жүрсе, біздің қазақтар Сирияға үрім-бұтағымен кетті. Спортшы Руслан Мырзатаевтың әйелі екі қызымен сонда кетіпті!

Тарихқа қарасақ, қай заманда болмасын, әскердің жыныстық қажеттілігін өтейтін әйелдерді майдан даласында алып жүрген. Арғы тарихты қайдам, Александр Македонский заманынан белгілі дүние. Македонскийдің Таис деген кәнизагы болған. Сирияда шеттен келген әйелмен күнара бір еркек уақытша некеге тұрып, ертеңіне талақ айтып тастайды.

Қазақтың қыз-келіншектері адаспаңдар!»

Жөн сөз!

Біз өз тарапымыздан айта кетейік: аты аталып отырған Руслан Мырсатаев 1985 жылы Алматы қаласында туған. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қырғызстанның спорт шебері. Аса ауыр салмақта 2008 жылы Бейжің Олимпиялық ойындарына қатысты. Бокспен шұғылдануды Қырғызстанда бастады. 2005 жылы Азия чемпионатына Қырғызстанның атынан барды. Сол жылы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті. Содан кейін Қазақстанға қоныс аударды.

Руслан Бейжің Олимпиадасында екі рет рингке шықты. Алдымен 1/8 финалда австралиялық Дэниэль Биханнан басым түсіп, ширек финалда қытайлық Чжан Чжилэйден нокаутпен жеңіліп қалды.

Кейін кәсіпқойлар боксына ауысты. Ондағы мансабын 2016 жылы 30 қаңтарда бастап, орыс Валерий Замираловты 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазір АҚШ-тың Майами штатындағы Флорида қаласында тұратын болса керек.

Бокс мамандарынан сұрастырып білгеніміз, ол әйелін дінге өзі тартқанға ұқсайды.

Таңбалар: отбасыРуслан МырсатаевСирия

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26.06.2026
Сыр бойында облыстық Әкелер форумы болып өтті
Әлеумет

Сыр бойында облыстық Әкелер форумы болып өтті

19.06.2026
Сүрияның жаңа билігі Хмеймим базасынан Ресейді қуып шықпақшы
Жаңалықтар

Сүрияның жаңа билігі Хмеймим базасынан Ресейді қуып шықпақшы

25.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist