«Атамекеннің» экс-төрағасы Абылай Мырзахмет $30 млн парамен ұсталды
АСТАНА. 11 мамыр. «Атамекен» ұлттық палатасы басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов $30 млн пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы press.kz телеграм-каналына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Абылай Мырзахметов «Атамекенді» 2013 жылдан басқарып келіп, 2022 жылғы ақпан айында орнынан кетті. Ол соның алдында, 2009 жылдың тамызына дейін «Бүркіт» проблемалы несиелер қоры» ЖШС-ыың бас директоры болды. Одан да алдын Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасын басқарған еді. Бір сөзбен айтқанда, кілең «майлы жерлерде» жүрді.
Айта кету керек, Абылай Мырзахметов 2003 жылғы мамырда мемлекет мүлкін талан-таражға салды деген айыппен мүліктері тәркіленіп, шартты түрде бес жылға сотталған болатын.
Кейін анықталғанындай, Абылай Мырзахметовке пара берген сегіз жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың туған інісі Талғат Боранбаев болып шықты.
Айтуларынша, Мырзахметов қамауда отырған олигархтың түрмеден шығуына көмектесуге уәде берген сияқты.