Херсон облысында партизандар РФ басқыншыларымен есеп айырысты
КИЕВ. 28 сәуір. Ресей армиясы басып алған Херсон облысының жерінде украин партизандары жергілікті жұртқа азар беріп жүрген екі оккупанттың көзін жойды. Бұл туралы «Диалог.ua» порталы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осында «Атеш» («Әтеш») әскери қозғалысының партизандары 27 сәуірге қараған түні «Украин түні» операциясын бастады. Астыртын ұйымның сарбаздары Херсон облысының Ресей жаулап алған бөлігінде екі басқыншының көзін жойды.
«Атеш» телеграм-каналы Олешка ауданындағы Великие Копани селосы тұрғындарына ұдайы азар беріп келген екі басқыншының өлтірілгенін атап көрсетті. Есірткі шегіп алған олар жергілікті тұрғындарды ылғи тонап, зорлап, ұрып-соғып, моральдық жағынан қорлап жүреді екен. «Бірақ өткен түнде олардың сол әрекеттері үшін жауап беретін кезі келді», – деп мәлімдеді партизандар.
Бұдан бұрын «Әтеш» қозғалысының мүшелері оккупанттардың аудан жеріндегі блок бекеттеріне соққы берген болатын. Ал Бердянскіде РФ армиясы басып алғаннан кейін қалалық кеңес қызметкерлерін оккупаттарға ұстап берген украин сатқынының үйін жарып жіберді.
Операция жалғаса береді.