Ресей жауынгерлеріне оқтан қорғану үшін шіркеу шырағданы берілді
МӘСКЕУ. 30 наурыз. Ресейдің Пермь өлкесінен әскерге алынғандарға соғыста оқтан қорғану үшін шіркеу шырағандары тапсырылды. Бұл туралы «Пермь 36,6» телеграм-каналына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Пермь өлкесінен мобилизацияланған жауынгерлерге Украинадағы соғысқа аттанып бара жатқандарында «қорғаныс шырағданы таратылды», – делінген хабарламада.
Шақырылғандардың бірі ротадағы әрбір әскери қызметкерге шіркеу шырағданы (свеча) тапсырылғанын айтты. Мұны оларға соғыс кезінде жағып қоюға кеңес беріліпті. Алайда «қызыл жауынгерлерге» соғысу үшін қажетті жабдықтар толық беріле қоймапты. Тіпті киім-кешектің олпы-солпылығын былай қойғанда, өзі де жетімсіз болып шыққан.
«Бұл *** (пи…ец – ред.) – деген сөз. Мен мұндай қитұрқылықтарға қайран қаламын. Ротада бас-басымызға бір-бірден шырағдан таратып берді. Қандай мал қырғын шайқас болып жатқанда қорғаныс шырағданын жағып отырады? Басқа проблема жоқтай, мерзімі келіп тұрған жаңа форма мен қонышты бәтіңке берудің орнына, қайдағы бір шырағданды таратқандары несі?», – деді жауынгер телеграм-канал тілшісіне.
Бірақ басылым әскери қызметкерлердің қазір қайда жүргендерін, олардың қандай бөлімде қызмет етіп жүргендерін ашып айта қоймайды.
Жалпы, Ресейдің басқыншылар армиясында соғыста өздерін бостан босқа қанды қасапқа айдап салып отырған командирлері үстінен Путинге шағым жасаушылар барған сайын көбейіп келеді.