ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

 «Чекистер Путиннің әрекетіне ашулы. Соғысты аяқтауға мүмкіндік бар»

МӘСКЕУ. 7 наурыз. Ресейлік саясаттанушы Валерий Соловей Федералды жиналыста өзінің орнын басатын ізбасарын атамағаны үшін чекистер Путинге ашулы деген пікір білдірді Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Белгілі саясаттанушы өзінің жақын шеңбері диктаторға бас тарта алмайтынындай ультиматум қояды, соның нәтижесінде ол қызметінен өз еркімен кетуге мәжбүр болады, содан кейін соғысты кілт аяқтауға мүмкіндік туады, деп есептейді.

«РФ билеушісі РФ Владимир Путин Федералды жиналыс алдында оқыған жолдауында билікті өз ізбасарына өткізетіні жайлы бір ауыз сөз айтқан жоқ. Оның мұнысы чекистердің шамына тиіп, олардың арасында күшті наразылық туғызды», – дейді Валерий Соловей.

Ол «Ходорковский LIVE» телеграм-каналына берген сұхбатында осылай деді.

«Бұл – Путиннің билікті ашық жолмен өз ізбасарына өткізетіні жөнінде берген уәдесін орындайтынына үміт артқан топтарға берілген белгі. Путин бұларға өзінің уәдесін орындауға ниетті емес екенін ұқтырды. Мен білетін бір мәнбелер бұл үшін оған өте-мөте ашулы», – деп әңгімеледі Соловей.

Саясаттанушы енді таяу аралықта жақын шеңбері диктаторды уәдесін орындауға мәжбүр етеді деп санайды. Бұл қазіргі уақыттағы жылдам өзгеріп жатқан ахуалдың аясында жүзеге асады.

«Егер соғыс динамикасы Ресейдің біржола күйреуіне алып баратындай айналымға айналып, РФ «кері жеңістерге» жетуді жиілете түссе, онда бұған қысым жасай алатындар келіп: «Сіз Жоғары бас қолбасшысыз, бірнеше рет қате шешім қабылдап, елді, Қарулы күштерді апатқа ұшырайтын жағдайға жеткіздіңіз» дейтін болады. Ең маңыздысы, бұл ультиматумды әскерилер қолдайды. Қолдайтын шығар», – деді сосын саясаттанушы.

Соловей осы жерде қазір бірқатар «Z-арналар» көрсетіп жатқан «Тұзақ 22» фильмін еске түсіріп өтті. Ондағы түйінді ой Батыс Ресейді Украинаға арандатып, оны «арнайы операцияны» бастап кетуіне алдап түсірді дегенге саяды.

«Бұл сондай зондаж («алдын ала барлау жүргізу», гәп фильм туралы болып отыр – ред.) … Енді (Ресей халқына – ред.) «Путиннің айлакерлі жоспарының» ешқандай да айлалы болып шықпағанын, бұл жағынан қайта америкалықтардың асып түскенін түсіндіру керек. Егер тақырып ақпарат сипатында шамадан тыс шарықтай бастаса, мұның артында бір ықпалды корпорацияның тұрғанына сене беріңіздер… Олар біршама уақыт оқиғаның даму барысын күте тұрады, содан кейін мәселенің легальды (ашық) жолмен жүргізіліп, биліктің ауысуын талап ететін болады… Оларда тіпті бұл іске Путиннің тұрпаттасын («двойнигін») пайдалану варианты да бар», – деген тұжырым шығарды соңында Соловей.

Бұған дейін «Диалог.ua» сайты Ресейдің оппозициядағы олигархы Михаил Ходорковскийдің таяу арада Путинге ең ықтимал ізбасар болатын адамның кім екенін атағанын жазған еді.

Таяуда ФСБ қызметкері, соғыс қылмыскері Игорь Стрелков-Гиркин РФ президентін таяуда ауыстыруға ең жақын кандидат ретінде қорғаныс министрі Сергей Шойгуды атады.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жааушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button