АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Украин әскерлері Донецк түбінде жаудың тұтас полкын жойып жіберді

КИЕВ. 3 наурыз. Украина Қарулы күштері ресейліктердің дайындықсыз келген «мобик» жауынгерлерінен құралған тұтас дерлік полкты саптан шығарып тастады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осы ретте «Сибирь.Реалии» сайты Иркутск облысынан шақырылушылардың ешбір дайындықтан өтпеген қалыптарында 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні 1481-ші полк пен 2-ші батальон құрамдарында Донецкінің түбіндегі Авдеевка бекініс ауданында шабуылға қосып жіберілгендерін, нәтижесінде олардың сол ұрыста түгелге жуық қаза тапқандарын баяндады.

3 наурыз күні екі «мобиктің» туған-туыстары журналистерге іс жүзінде тұтас бір полктың жойылып кеткенін жеткізді: бірнеше адам ғана жарақаттанып аман қалған, қалғандары опат болған, бірақ оларды командование хабар-ошарсыз кеткендер қатарына жатқызып жатыр.

«Менің күйеуім жарықшақтан жарақат алып, госпитальге түсіпті. Ол полктан ешкімнің тірі қалмағанын айтып отыр. Тек екі адамның ғана жарақат алғандары белгілі, ал қалғандары түгел жан тапсырыпты немесе ауыр халде майдан даласында қалдырылған. Күйеуіме жарасын емдеп алу үшін бір апта ғана уақыт беріпті! Сосын тағы «алғы шепке» салады!» – деді мобилизацияланғандардың бірінің әйелі.

Енді Иркутск облысынан бірнеше шенеунік Украинаның Донецк өңірінің оккупацияланған бөлігіне аттанып кетіпті. Айтуларына қарағанда, олар полкпен «байланыс орнатып» қайтпақшы көрінеді…

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button