25 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Странджа-2023» турнирі өзбек боксының даңқын көтерумен аяқталды

28 Ақпан 2023 18:49
- Жаңалықтар, Сайыс
«Странджа-2023» турнирі өзбек боксының даңқын көтерумен аяқталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 28 ақпан. Ақпанның 26-сы күні Болгария астанасында мәреге жеткен «Странджа Кубогы-2023» өзбек боксының көшбасылық салтанатын бұрынғыдан бетер биіктете түсті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, өзбек елінің мерейін көтеріп қайтқан саңлақтарды кеше түнде Ташкент әуежайында спорт функционерлері мен қала жұртшылығы күтіп алған.

Соңғы кездері «кіші әлем чемпионаты» деген жанама атауға ие болып жүрген халықаралық турнирге Өзбекстан ерлер құрамасы 27 боксшыдан тұратын үш құрам алып барды. Нәтижесінде олар сайыстан 7 алтын, 4 күміс және 5 қола, барлығы 16 медаль алып қайтты. Бұдан басқа, әйелдер терме жамағаты республиканың ортақ қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль қосты.

Осылайша өзбек жігіттері жалпы командалық есепте бірінші орынды талассыз жеңіп алды. Екінші орынға 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алған алаң иелері – Болгария командасы орналасты. Үшінші орын 1 алтын, 2 қола медаль алған АҚШ құрамасына бұйырды. Төртінші орынға – Бразилия, бесінші орынға – Армения, алтыншы орынға Үндістан жайғасты. Ал Қазақстан жасағы 1 күміс, 1 қола медаль жинап, Түркия және Италия тарландарымен бірге 7-9-орындарды бөлісті.

Бір қызығы, турнирде 4 жекпе-жек өткізуге тиісті болған аса ауыр салмақтағы өзбек Баходир Жалолов бір ғана ашық шайқаспен алтын медальге қол жеткізді. Ол 1/8 финалда АҚШ өкілі Жошуа Эдвардсты 5:0 етіп ұтты. Одан кейін ширек финалда – біздің Қамшыбек Қоңқабаев, жартылай финалда – әзербайжандық лезгин Махаммад Абдуллаев, ал финалда армян Давит Чалоян онымен кездесуге шығудан бас тартты.

Биылғы жылы 74-ші мәрте өткізіліп отырған байырғы турнирге 42 елден 450 былғары қолғап шебері қатысты.

Сайыс ақпанның 20-сы күні басталып, 26-сы күні аяқталды.

 

Жүлдегерлер жүлгесі

48 кг: 1. Шодиёржон Меликузиев (Өзбекстан), 2. Сахани Кумир (Үндістан), 3. Ергунал Себантин (Болгария), Лука Кублашвили (Грузия);

51 кг. 1. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан), 2. Рамон Никанор Курога (Аргентина), 3. Жиамао Занг (Қытай), Бишвамитра Чонтхам (Үндістан);

54 кг. 1. Ясен Радев (Болгария), 2. Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан), 3. Сачин (Үндістан), Федерико Серра (Италия);

57 кг. 1. Жабьер Диас (Болгария), 2. Оразбек Асылқұлов (Қазақстан), 3. Чифтчи Батухан (Түркия), Артур Базеян (Армения);

60 кг. 1. Радослав Росенов (Болгария), 2. Абдхамжон Мухиддинов (Өзбекстан), 3. Шункор Абдурасулов (Өзбекстан), Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан);

63,5 кг. 1. Мужибилло Турсунов (Өзбекстан), 2. Руслан Абдуллаев (Өзбекстан), 3. Макс МакЛери (Австралия), Эмилио Гарсия (АҚШ);

67 кг. 1. Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан), 2. Бекзод Хамидов (Өзбекстан), 3. Гурген Мадоян (Армения), Себастьян Тертерян (Дания);

71 кг. 1. Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан), 2. Ердемир Тугрулхан (Түркия), 3. Николай Тертерян (Дания), Нурислом Исмоилов (Өзбекстан);

75 кг. 1. Рами Киван (Болгария), 2. Вильям Чолов (Болгария), 3. Нұрқанат Райыс (Қазақстан), Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан);

80 кг. 1. Робби Гонсалес (АҚШ), 2. Амбарцум Акопян (Армения), 3. Жасурбек Юлдашев (Өзбекстан), Келин Кассида (Ирландия);

86 кг. 1. Шахжахон Абдуллаев (Өзбекстан), 2. Винченцо Лиззи (Италия), 3. Георгий Кушиташвили (Грузия), Томас Ниедзиевски (Польша);

92 кг. 1. Кено Мачадо (Бразилия), 2. Жулио Кастильо (Эквадор), 3. Вагкан Нанитзанян (Грекия), Джеймер Тилли (АҚШ);

+92 кг. 1. Баходир Жалолов (Өзбекстан), 2. Давит Чалоян (Армения), 3. Махаммад Абдуллаев (Әзербайжан), Абнер Жуниор (Бразилия)

Таңбалар: бірінші орынӨзбекстанСтранджа-2023

Ұқсас мақалалар

Сыр өңірінің білім саласы биылғы оқу жылының қорытындысында зор табысқа жетті
Жаңалықтар

Сыр өңірінің білім саласы биылғы оқу жылының қорытындысында зор табысқа жетті

22.07.2026
Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды
Сайыс

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды

25.05.2026
Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды
Жаңалықтар

Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды

15.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist