Түркияда жаңа жер сілкінісі орын алды, билік шұғыл мәлімдеме жасады
АНКАРА. 27 ақпан. Бүгін Түркияның Малатья велаятында тағы да күшті жер сілкінісі болды, осыған орай ел билігі халыққа жедел үндеу арнады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Өкінішке қарай, табиғат катаклизмі планетаға тыныштық беріп жатқан жоқ, соның ішінде Түрік республикасын көбірек айналдырып тұр.
«Анадолу» агенттігінің атап өтуінше, түрік жеріндегі кезекті зілзала бүгін, 27 ақпан күні сәске түс әлетінде орын алған. Ол Малатья велаятында тіркелді. Зілзаланың тербелісі 5,6 балға тең болды.
Ресми билік органдары жер асты дүмпуі салдарынан уәлаятта 25 тұрғын үйдің зардап шеккенін баяндады. Вице-президент Фуат Октай стихиялық апаттың нәтижесінде зардап шеккен адамдар жайлы мәлімдеме жасады. «Әзірге екі адамның зардап шеккені белгілі болып отыр, қаза тапқандар болмайтын шығар деп үміттеміз», – деді ол.
Мемлекет басшысының орынбасары жұртты қирап қалған үйлердің маңына жоламауға шақырды.
Жаңа жер сілкінісі орын алған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Осы күні Түркиямен қатар жатқан Сирия территориясында да күшті жер сілкінісі бой көрсетті. Елдің Алеппо провинциясында буырқанған зілзаланың тербелісі 5,2 балға бағаланды. Мәлімет бойынша, табиғат апаты жергілікті уақытпен 12:04 сағатта, Алеппо қаласының солтүстік-шығысынан 239 шақырым жерде ойран салған.
Еске түсіре кетейік, биылғы ақпан айының 6-сы күні тоғыз сағаттық интервалмен екі жер сілкінісі тіркелген. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш велаятын дүр сілкіндірген олардың тербелістері 7,7 және 7,6 балл болған. Мұның дүмпуі елдің қатар жатқан 10 велаятына жетті. Сілкіністің зақымды зардабы көрші Сирия еліне де қатты әсер етті.