Елена Рыбакина бүгін Дубайдағы турнирден шығуға мәжбүр болды
ДУБАЙ. 22 ақпан. Уимблдон-2022 чемпионы және Australian Open-2023 финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Дубайдағы турнирден шығып қалды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Теннисші қыз өзінің неге бұлай еткенін инстаграмда атап көрсетті.
«Өкінішке қарай, мен белімдегі жарақатымның сыр беруіне байланысты Дубайдағы DDF Tennis Championships турнирінің жеке және жұпты сипатты жарыстарынан шығып кетуге мәжбүр боддым. Мен қысқа уақыттың ішінде қалпыма келіп үлгеретініме сенімдімін. Енді Дубайда келесі жылы өтетін жарысқа тағы қатысуға асығулымын. Қолдау көрсеткендіріңіз үшін рахмет!»,. – деп жазыпты ол.
Айта кетейік, бұл турнирдің екі айналымында жеңіске жеткен Елена енді әлемнің алтыншы ракеткасы Коко Гауффпен сайыстың 1/8 финалында кездесуі керек еді.