Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Елена Рыбакина екінші айналымда да 1,5 сағатта жеңіске жетті

ДУБАЙ. 22 ақпан. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымдағы жекпе-жегінде де қарсыласын көп қиналмай ұтып шықты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Уимблдон-2022 чемпионы және Australian Open-2023 финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина бұл жолы Чехияның өкілі, жаһанның 26-шы мықтысы Мария Боузкованы екі сетте 7:5, 6:2 деген есептермен ұтты.

Ойын бір сағат 30 минутқа созылды.

Айта кету керек, Елена келесі матчында WTA-ның әлемдік рейтингісінде алтыншы болып тұрған америкалық спортшы Коко Гауффпен күш сынасады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button