Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионын оңай ұтты
ДУБАЙ. 21 ақпан. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда басталған турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан сайыста «Уимблдон-2022» чемпионы және «Australian Open-2023» финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Рыбакина канадалық 36-шы ракетка Бьянка Андреескуды 6:3, 6;4 есептерімен тізе бүктірді.
Кездесу бір сағат 30 минутқа созылды.
Айта кетуіміз керек, ұлты румын Адрееску 2019 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында алтын жүлдегер атанған болатын.