Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

HIMARS оккупанттардың Донецкідегі штабының тас-талқанын шығарды

КИЕВ. 13 ақпан. Украина Қарулы күштерінің қолданысындағы HIMARS Донецк облысы Угледар елді мекені түбіндегі «Восток» батальонының штабын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Болған оқиға жайында алдымен Ресей пабликтері хабар таратты.

Украин әскерлері қолындағы HIMARS-тың өте сәтті соққы жасағаны сондай, батальон штабынан сау-тамтық қалмаған. Әзірге қаза тапқан адамдар саны белгісіз, бірақ олардың арасында офицерлердің көп екені әлден белгілі болып отыр.

Өзін өзі жариялаған «ДХР» -дың далалық командирі Александр Ходаковский офицерлер құрамындағы «қарулас жолдасының» жойылып кеткенін айтып, телефон арқылы шағымданған.

«Ресейлік пабликтер осы мезетте командалық бекетте болған РФ офицерлері арасында шығынның көп екенін жазып жатыр», – деп жазды украин әскери тілшісі Ондрий Цаплиенко Тelegram-да.

Осының алдында Бучадағы зұлымдықтары арқылы аты кеңінен танымал болған Ресей теңіз жаяу әскерлері 155-ші бригадасының Угледар бағытында сәтсіз соғысып жатқаны, ал соңынан Владивостоктан келген бұл теңіз пиядашыларының командалық құраммен бірге түгелімен «Кобзонның концертін көруге» аттандырылғаны баяндалған еді. Бұларды да HIMARS-тың бір соққысы жермен-жексен еткен.

Сондай-ақ Украина Қарулы күштері таяуда Мелитопольде де минут бойы HIMARS-тан шоу жасап, басқыншыларды түгелімен түте-түте қылған болатын.

Еске сала кетейік, украин артиллеристері сол сияқты жау басып алған Соледарды теңселтіп, «Вагнердің» сондағы сапын толығымен оққа байлап жіберген.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button