Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Франция чемпионаты: ПСЖ 96-минутта гол жіберіп, тең ойнады

ПАРИЖ. 30 қаңтар. Париждің «Пари Сен-Жермен» командасы кезекті турда «Реймспен» ойынның 96-минутында өз қақпасына доп жіберіп алып, тең түсіп қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Кеше Франция чемпионатының жоғары эшалоны – 1-лига командалары кеше XX турдың ойындарын өткізді.

Француз чемпиодары қарсыластарын өз алаңында қабылдады. Матчтың 56-минутында Неймар гол соғып, ПСЖ клубын алға шығарды. Ал қонақтар бұған 96-минутта Фоларин Балоган соққан голмен жауап қайтарды. Сөйтіп, кездесу күтпеген жерден тең аяқталды.

Айта кетуіміз керек, 59-минутта Марко Верратти алаңнан қуылып, париждіктер алаңда он ойыншымен қалды.

Қазір ПСЖ 48 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал 26 ұпайы бар «Реймс» 11-орында тұр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button