Бангкокта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды
БАНГКОК. 27 қаңтар. Кеше Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында Азияның 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы екінші чемпионаты өзінің мәресіне жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Бұған дейін бұл дәрежедегі чемпионат бірінші рет 2022 жылы 22-29 қаңтар аралығында Ташкент қаласында өткен еді. Өкінішке қарай, оған қазақ боксшылары қатысқан жоқ.
Екінші чемпионаттың қорытындысында жігіттер тобында да, қыздар тобында да Өзбекстан құрамасы топ жарды.
Алдымен, 25 қаңтар күні қыздар арасындағы чемпионат аяқталды. Онда өзбек қыздары 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль алса, таиландтық бойжеткендер 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Ал қазақ қыздарының қожынына 2 алтын, 7 күміс медаль түсті.
Финалда Жасмин Қизатова (70) мен Гүлсая Ержан (81) жеңіске жетті. Олар тиісінше өзбек Азиза Зокирова мен тай Порннипа Чутиді 3:2 есебімен тізе бүктірді. Қола медальдар Мөлдір Тойкова (50), Әнел Сақыш (54), Виктория Грефеева (57), Шахназ Исаева (60), Назерке Серік (63), Ақнар Ишанова (66) және Дана Дидай (75) секілді қыздарымызға бұйырды.
Тағы айта кететін жайт, Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсеткен екі қазақ қызы – Жанаргүл Бейсенбек (48) пен Күлән Алтынбек (52) осы қола медаль алғандар сапынан көрінді.
Жалпы командалық есеп бойынша бұдан кейінгі орындарға Моңғолия, Қытай, Вьетнам, Непал және Индонезия қыздары осы реттерімен орналасты.
Жігіттер арасындағы бәсекеде 9 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алған Өзбекстан терме жамағаты бәрін шаң қаптырып кетті. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен кермеден екінші болып өтті. Филиппин былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медалі арқылы үшінші сатыға жайғасты. Бұдан әрі Таиланд, Қытай, Индонезия, Камбоджа және Қырғызстан командалары орын тепті.
Қазақстандықтар сапынан өзбек Шодиёржон Меликузиевті 4:0 етіп ұтқан Санжар Тәшкенбай (48), филиппин Флинт Ярадан 5:0 есебімен басым түскен Нұрсұлтан Алтынбек (54) және тай Суктхет Сарауютті 3:2 етіп сүріндірген Махмуд Сабырхан (57) чемпионаттың алтын жүлделеерін мойындарына тақты. Есесіне, бұдан кейінірек рингке шыққан біздің қалған үщ жігітіміз де өзбек саңлақтары алдында әлсіздік танытып алды. Атап айтқанда, 67 кг салмақтағы Абзал Серік – Бекзод Хамидовқа (1:4), 71 кг салмақтағы Сабыржан Аққалықов – Нурислом Исмоиловқа (1:4), 75 кг салмақтағы Диас Молжігітов Алохон Абдуллаевқа (0:5) есе жіберіп қойды.
Қытай құрамасы сапында да тегі қазақ боксшылардың бар екені байқалады. Мысалы, қытай иероглифтеріне түсірілгенде, өңге ұлттардың аты-жөндері оларда ылғи қате жазылатынын ескерсек, Айлкути Канаер, Халимулати Рехеманду, Айзихайр Туохонгдали деген ном-сойлардың арғы жағында қазақ не ұйғыр миллетінің өкілдері тұруы ғажап емес.
Сонымен, чемпионаттың қыздар арасындағы тұғыры мынадай көрініске ие болды:
48 кг
- Фарзона Фозилова (Өзбекстан), 2. Суспа Таманг (Непал), 3. Тхипсатха Йодвари (Таиланд), Жанаргүл Бейсенбек (Моңғолия);
50 кг
- Сабина Бобоқулова (Өзбекстан), 2. Нгуень Тхи Нгок Тран (Вьетнам), 3. Чи Вай Кей Ванн (Сингапур), Мөлдір Тойкова (Қазақстан);
52 кг
- Феруза Қазақова (Өзбекстан), 2.Дашуанг Танг (Қытай), 3. Нгуень Тхи Хой (Вьетнам), Күлән Алтынбек (Моңғолия);
54 кг
- Нигина Уктамова (Өзбекстан), 2. Гучин Фенг (Қытай), 3. Әнел Сақыш (Қазақстан), Набила Махарани (Индонезия);
57 кг
- Золжаргал Баттур (Моңғолия), 2. Ситора Турдыбекова (Өзбекстан), 3. Хеми Рай (Непал), Виктория Грефеева (Қазақстан);
60 кг
- Порнтип Буара (Таиланд), 2. Номин-Ердене Тугсжаргал (Моңғолия), 3. Шахназ Исаева (Қазақстан), Нгуень Нуень Тран (Вьетнам);
63 кг
- Тхананиа Соннуек (Таиланд), 2. Бадмаараг Гангзориг (Моңғолия), 3. Зиёда Ярашова (Өзбекстан), Назерке Серік (Қазақстан);
66 кг
- Навбахор Хамидова (Өзбекстан), 2. Ццегдари Миагмарсурен (Моңғолия), 3. Ақнар Ишанова (Қазақстан);
70 кг
- Жасмин Қизатова (Қазақстан), 2. Азиза Зокирова (Өзбекстан); 3. Труенг Минх Тхую Куюнх (Вьетнам);
75 кг
- Байсон Маникон (Таиланд), 2. Сохиба Рузметова (Өзбекстан), 3. Дана Дидай (Қазақстан);
81 кг
- Гүлсая Ержан (Қазақстан), 2. Порннипа Чути (Таиланд), 3. Триша Жебегу (Непал), Шахобат Хусаинова (Өзбекстан).
Жігіттер арасындағы жүлделер бөлісі былайша аяқталды:
48 кг
- Санжар Тәшкенбай (Қазақстан), 2. Шодиёржон Меликузиевт (Өзбекстан), 3. Натхапхонг Тхуамиароен (Таиланд), Марк Лестер Дуренс (Филиппин);
51 кг
- Аарон Жуде Бадо (Филиппин), 2. Тханарат Саеннхет (Таиланд), 3. Кайюм Ариффин (Малайзия), Мухаммадкодир Мамиржонов (Өзбекстан);
54 кг
- Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан), 2. Флинт Яра (Филиппин), 3. Ислам Торобаев (Қырғызстан), Ганболд Доржниамбуу (Моңғолия);
57 кг
- Махмуд Сабырхан (Қазақстан), 2. Саравут Сухтхет (Таиланд), 3. Эрихо Акайлар (Филиппин), Лундаа Гантумур (Моңғолия);
60 кг
- Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан), 2. Пхутхамет Родсук (Таиланд), 3. Фидо Рафаел Масоара (Индонезия), Талғат Сырымбетов (Қазақстан);
63,5 кг
- Шахбоз Юнусалиев (Өзбекстан), 2. Тулга Ойунбаатар (Моңғолия), 3. Аскат Култаев (Қырғызстан), Мухаммедсабыр Базарбай уулу (Қазақстан);
67 кг
- Бекзод Хамидов (Өзбекстан), 2. Абзал Серік (Қазақстан), 3. Ихтияр Нишонов (Қырғызстан), Вантухнг Пехн (Камбоджа);
71 кг
- Нурислом Исмоилов (Өзбекстан), 2. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан), 3. Нурадин Рустамбек уулу (Қырғызстан), Довуд Махкамов (Тәжікстан);
75 кг
- Алохон Абдулллаев (Өзбекстан), 2. Диас Молжігітов (Қазақстан), 3. Абдумалик Болтаев (Тәжікстан), Айлкути Канаер (Қытай);
80 кг
- Жасурбек Юлдашов (Өзбекстан), 2. Халимулати Рехеманду (Қытай), 3. Ерасыл Жакпеков (Қазақстан), Шахбоз Хаитов (Тәжікстан);
86 кг
- Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан), 2. Майхел Роберро Мускити (Индонезия), 3. Нурсултан Болотбаев (Қырғызстан), Бижуа Бата (Непал);
92 кг
- Нусратбек Тохиров (Өзбекстан), 2. Абдулаким Раджапов (Камбоджа), 3. Ернат Бекзат (Қазақстан), Бакыт Токтосун уулу (Қырғызстан);
+92 кг
- Жахонгир Зокиров (Өзбекстан), 2. Айзихайр Туохонгдали (Қытай), 3. Аманат Сабырғали (Қазақстан), Ооматбек Элчоро уулу (Қырғызстан).