Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 финалына шықты

МЕЛЬБУРН. 26 қаңтар. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина бүгін Австралияның ашық чемпионатында жартылай финалдық матчында жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Елена Рыбакина айқын жеңіске жетіп, Australian Open-2023-тің финалына шықты», – делінген хабарламада.

Қазақстанның бірінші ракеткасының бұл жолғы қарсыласы WTA рейтингісінің 24-ші тармағында тұрған Латвия өкілі Виктория Азаренко болды. Теннисшілер бірінші партияда екі рет бір-бірі берген доптарды қайтаруда үстемдік танытты, айқас өте тартысты өрбіді, ақырында Рыбакина таразы басын өзіне қарай бұрып жіберді – 7:6 (4). Екінші сетте Еленаның басымдығына ешкім шүбә келтіре алмады, сөйтіп, ол есепті 6:3 етіп, финалға шықты.

Рыбакина шешуші шайқаста екінші жартылай финалда өздерінен кейін поляк Магда Линетті (45) ұтқан белорус Арина Соболенкомен (5) ұшырасатын болды.

Айта кету керек, бұл қазақстандық спортшының Australian Open-нің бас жүлдесі үшін бірінші рет талпыныс жасауы болып отыр. Бұған дейін ол «Үлкен шлем» турнирлері арасында өткен жылы Уимблдонда ғана жеңіске жеткен еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button