Журналист Динара Егеубаеваның көлігі үйінің жанында жанып кетті
АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Журналист Динара Егеубаеваның автокөлігі Алматыда үйінің жанындағы аулада отқа оранып, өртеніп кетті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Көлік тұрғын үйден бірнеше метр жерде тұрған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер келген.
Белсенді журналист жақтастарының болжамынша, машинаға әлдекімдер арнайы от қойып кеткен.
Еске сала кетейік, 26 желтоқсан күні бір топ белсенділер мен журналистер Егеубаеваның пәтеріне жиналып, Мәжіліс сайлауына қатысу үшін арнайы блок құратындарын мәлімдеген. Олар блокты «Алтыншы қаңтар» деп атаған.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіндегілер ҚазТАГ тілшісіне болған оқиғаға орай өз тұжырымдарын білдірген.
«13 қаңтар күні сағат 23:54-те Бостандық ауданындағы Хұсайынов көшесінің 225-үйі жанында бір автомобильдің жанып жатқаны жайлы дабыл түсті. Сағат 00:01-де келген өрт сөндірушілер тобы 2018 жылы шыққан Kia Soul маркалы автокөліктің салоны жанып жатқанын көреді. Өрт көліктің 2 шаршы метр ауданын шарпыған», – делінген хабарламада.
Өрт 00:06 сағатты сөндірілгені айғақталды.
Қазір жағдайдың қалай болғаны жайы анықталып жатыр.