Мунктің «Айғай» картинасының бояуы оңды
МӘСКЕУ. 15 ақпан. Норвег экспрессионист суретшісі Эдвард Мунктің әйгілі «Айғай» кртинасының бояуы жылдан жылға неге оңып бара жатқаны белгілі болды. Бұл туралы «The New York Times» газетіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.
Картина бояуының пигменттері аса жаңа технология – рентген сәулелерін, лазерді және қуатты электронды микроскопты қолдану арқылы зерттелді. Осының нәтижесінде бұрын ашық сары түсті болған холст фрагменттерінің кейін піл сүйегі түсіне айнала бастағаны анықталды.
Нью-Йорктің ғалымдары мен Мунктің Ослодағы музейінің мамандары 2004 жылы ұрланып кетіп, екі жылдан кейін табылған шедеврдің түрлі-түсті сипатын зерттеп шықты. Сонымен бірге бұдан кейін бұлайша түс өзгеруінің алдын алып тұру үшін кезінде Мунктің қалай жұмыс істегенін анықтауға, картинаны сақтау тәсілі мен оның басында қандай болғанына болжам жасауға тура келді.
Гарлемдегі Өнер туындыларына ғылым анализ жасау зертханасының басшысы Джениффер Масс микроскоппен қараудың арқасында «Айғайдың» жоғары сталагмитке ұқсас әлдененің бар екенін анықтауға қол жеткенін айтты. Оның сөзінше, күллі әлемге танымал картина бетінде нанокристалдар өсіп келеді екен, соның салдарынан ауыз кескінінің ортасына жақын жердегі, аспандағы және судағы учаскелердің бояулары өңіп кеткен.
Суретші музейінің сақтаушысы Эва Сторевик Твеит бұған дейін Анри Матисстің жұмыстарын зерттеген сары түсті кадмийдің жетекші маманы болып табылатын Дежннифер Масске жүгіну жөнінде шешім болғанын айғақтап өтті.
Биылғы жылы Мунк музейі жаңа ғимаратқа көшкелі отыр. Енді оның қызметкерлері үшін полотномен қалай жұмыс істеп, оларды экспортқа шығарып тұруды білгеннің маңызы зор.
Эдвард Мунк «Айғай» картинасын 1893-1910 жылдар аралығында салып бітірген. Онда қанды-қызыл аспанның фонында шарасыздықтан шыңғырып тұрған адам бейнеленген. Картинаның соншалықты примитивті етіліп жіберілгені сондай, ол бір мезгілде скелет, эмбрион және сперматозоид секілді түрлі комментаторларды да көзге елесте алады.
Суретші тап осы сюжетпен 1895 жылы литография да жасаған.
«Айғай» экспрессионизмнің эмблемасы ретінде XX ғасыр өнерінің прелюдиясы сияқты болып көрінеді.