Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресей әскерге алған Луганск тұрғындары тұтқынға түсуге дайын

ЛУГАНСК. 4 қаңтар. Луганск жерінде ресейлік оккупанттар сапына қосылған тұрғындар бірден украин әскерлеріне тұтқынға берілмекші болып жатыр. Бұл туралы Military Media Center хабарлады.

«Ресейліктер мобилизациялап әскер қатарына алған Луганск жерінің тұрғындары Украина Қарулы күштері басқыншылардың қорғаныс шептерін бұзып өткен жағдайда бірден берілуді жоспарлап отыр», – деді Украина Қарулы күштері бас штабының бас жедел басқармасының бастығы, бригада генералы Олексий Громов.

Ол мұның украин әскерлері Ресей оккупанттарының Сватово-Кременна желісіндегі қорғаныс шебін бұзып өтіп, тиісінше, ұрыс қимылдарын Луганск қаласы аумағына көшірген жағдайында жүзеге асырылатынын айтты. Сол кезде 2-ші армиялық корпус әскери қызметкерлерінің айтарлықтай бөлігі, әсіресе, уақытша басып алынған территориядан мобилизациямен шақырылғандар бірден тұтқынға түсуге әзір екендерін білдірген.

Мұның алдында, 3 қаңтар күні Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергий Гайдай «Кременна – Сватово» трассасы украин қорғаушыларының бақылауында тұрғанын, енді оккупанттар логистикасының едәуір қиындай түскенін баяндаған болатын. Оның айтуынша, жүйкелері жұқарып бітуге қараған ресейліктер жергілікті тұрғындардың көбіне Украиина Қарулы күштерімен байланысы бар деп күдіктенеді екен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button