Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы үш министрді алмастырды

АСТАНА. 4 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тағы үш министрді қызметтерінен босатып, олардың орындарына жаңа кадрлар әкелді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Үсенбаев қызметінен алынып, орнына министр болып Қарабаев Марат Кәрімжанұлы тағайындалды.

Қайырбек Үсенбаев бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келді. Ал Марат Қарабаев 2021 жылдың шілдесінен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары болып келді.

Келесі жарлықпен Дәурен Әскербекұлы Абаев Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды. Ол 2022 жылдың қаңтарынан бері осы қызметті атқарған еді.

Мәдениет және спорт министрі болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды. Ол 2020 жылдың шілдесінен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2021 жылдың шілдесінен Астана қаласы әкімінің орынбасары болды, ал 2022 жылдың ақпарынан «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы болып істеді.

Әділет министрі болып Азамат Несіпбайұлы Есқараев тағайындалды. Ол 2019 жылдан бері Премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button