26 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Марокко әлем чемпионатында Португалияны ұтып, сенсация жасады

10 Желтоқсан 2022 23:31
- Жаңалықтар, Сайыс
Марокко әлем чемпионатында Португалияны ұтып, сенсация жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ДОХА. 10 желтоқсан. Бүгін кешке Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында тағы бір сенсация тіркелді: Марокко Португалияны ұтты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Чемпионаттың 1/4 финалындағы бұл матч 1:0 есебімен африкалықтардың пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Эл-Несири кезекті қарсы шабуыл кезінде баспен ұрып түсірді. Оның тура соққан добын дарбазашы Диого Кошта қайтара алмады.

Командалар мына құрамда алаңға шықты:

Марокко: Буну – Аттият, Эль Ямик, Саисс (Дари, 58), Хакими – Амалла (Кеддира, 65), Амрабат, Унахи – Буфаль (Абухляль, 81), Эн-Несири (Банун, 65), Зиеш (Жабран, 81)

Португалия: Кошта – Геррейру (Канселу, 51), Пепе, Диаш, Далот (Орта, 79) – Отавио (Витинья, 69), Невеш (Роналду, 52), Б. Силва – Фелиш, Рамуш (Леау, 69), Фернандеш.

Марокколықтар осы жеңісі арқылы Африка құрлығынан әлем чемпионатының жартылай финалына бұрын-соңды шыққан ең алғашқы құрама болып отыр.

Кездесуде португал форварды Криштиану Роналду құрама дәргейінде өзінің 196-шы матчын өткізді. Осы арқылы тарихи рекордты жаңартуға жақындады. Қазір ол бұл көрсеткіш жөнінен Кувейт құрамасының ойыншысы Бадер аль-Мутавамен теңесті.

Еске сала кетейік, Марокко құрамасы бұған дейін, 1/8 финалдық матчта Испания құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, матчтан кейінгі пенальтилер сериясында 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал Португалия сол жолы Швейцария құрамасын 6:1 етіп еңсіретіп жеңген болатын.

Тағы бір айта кететін жайт, Марокко және Португалия құрамалары бұған дейін әлем чемпионаттарында екі рет кездескен. Оның біріншісі 1986 жылы өтіп, африкалықтар іріктеу тобында қарсыластарын 3:1 есебімен ұтып кеткен. Ал 2018 жылы орын алған екінші ұшырасуда еуропалықтар топтық сайыста бәсекелестерін 1:0 етіп тізе бүктірген.

Енді Марокко құрамасы бүгін түнде ойналатын Англия – Франция командаларының қай жеңгенімен жартылай финалда күш сынасады.

 

Таңбалар: МароккоПортугалиясенсация

Ұқсас мақалалар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты
Жаңалықтар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты

10.07.2026
«Қолдан келгенді түгел жасадым, менің арым таза» деген Роналду мундиалмен қоштасты
Жаңалықтар

«Қолдан келгенді түгел жасадым, менің арым таза» деген Роналду мундиалмен қоштасты

07.07.2026
Браво, Кабо-Верде Аргентина құрамасымен тең дәрежелі ойын көрсетті (видео)
Жаңалықтар

Браво, Кабо-Верде Аргентина құрамасымен тең дәрежелі ойын көрсетті (видео)

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist