9 Шілде, 15:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қолдан келгенді түгел жасадым, менің арым таза» деген Роналду мундиалмен қоштасты

7 Шілде 2026 14:08
- Жаңалықтар, Сайыс
«Қолдан келгенді түгел жасадым, менің арым таза» деген Роналду мундиалмен қоштасты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРЛИНГТОН. 6 шілде. Португалия құрамасының көп жылдар бойғы лидері Криштиану Роналду (суретте) Испаниямен ойында қолынан келгеннің бәрін жасағанын айтып, әлем чемпионатымен қош айтысты. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Португалия терме жамағатының капитаны Криштиану Роналду өзінің футболшылық мансабындағы әлем чемпионатының соңғы матчын өткізді. Оның ұжымы бүгін түн жарымында АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «AT&T Stadium» стадионында Испаниямен өткен 1/8 финалдық кездесудің 90+1 минутында жалғыз доп жіберіп алып, 0:1 есебімен жеңіліске ұшырады. Голды Микель Мерино салды.

Матч біткеннен кейін 41 жастағы атақты форвард қолынан келгеннің бәрін жасағанын, сондықтан құрамадан ары таза қалыпта кететінін айтты.

Бұдан бөлек, ұлттық команданың бас жаттықтырушысы Роберто Мартинес те кетеді.

Португалия құрамасы бұл әлем чемпионатына қалаулы атақты жеңіп алу мақсатында келді, бірақ жорық 1/8 финалда аяқталып қалды. Матчтан кейін Роналду көз жасын іркіп тұра алмады. Сұхбат бергенде, ол өзінің өкініп тұрғанын жасырмады, алайда ештең үшін өкінбейтінін мәлімдеді.

«Бізге сәл-пәл сәттілік жетпей қалды, олар ең соңғы минутта соғып кетті ғой. Бұл былайынша өте қауырт өткен тең дәрежелі матч болды. Жеңіп те кетуіміз мүмкін еді. Көз жасы ма? Бұл – чемпионатты тастап бара жатқан кезде көңілсіздіктен пайда болатын қалыпты нәрсе. Бірақ тағы да айтамын: мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Енді арым таза болып кетемін»,– деген шабуылшы сөзін келтірді O Jogo.

Криштиану бұдан кейін әлем чеммпионаттарына қатыспайтынын растады. Бірақ құрама сапындағы мансабы жайында ештеңе айтқан жоқ.

Роналду сондай-ақ Португалия құрамасында жеткен жетістіктерін еске салып өтті.

«Ертең де тура бүгінгідей байсалды қалпымда оянамын. Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім. Құрамаға тура 23 жыл уақытымды беріп, үш атақ (2016 жылы Еуропа чемпионы, екі рет Ұлттар лигасының жеңімпазы) алдым. Криштиануге дейін Португалияда ештеңе де болған жоқ. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Еуропа чемпионаты еді. Шынымды айтсам, маған сол атақ әлем чемпионы болғанмен бірдей», – деді сосын футболшы.

Португалия құрамасының бас жаттықтырушысы Роберто Мартинес те жеңілістен кейін өз командасының күшті жақтарын атап өтті. Ол сонымен бірге Криштиануға алғыс айтты. Маман өз мақсаты әлем чемпионы болу болғанын жасырмады.

«Цикл аяқталды. Енді құрамаға жаңа үн керек. Менің команданы қабылдап алған кезде алға қойылған мақсатым әлем чемпионы болуға қол жеткізу еді. Оған жете алмағаннан кейін мұнда жұмысты жалғастырудың мағынасы жоқ», – деді ол.

Испания құрамасының бас жаттықтырушысы Луис де ла Фуэнте матчтан кейін өзінің риза екенін баяндады. Ол 91-минутта соғылған Микель Мериноның голына ерекше тоқталып өтті.

Обалы не керек, Испания құрамасы бұл ойында сәл де болса басым ойнады. Олар доп ұстауда да, қақпаға қарай соққы беруде де, қақпаға туралап зарп жасауда да, бұрыштама орындауда да, бір-бірлері пас жөнелтуде де қарсыластарынан едәуір артық көрінді. Португалдар тек «сары қағаз» алуда (0-ге – 2) ғана жоғары көрсеткішке жетті (!). Демек, Испания құрамасының жеңісі де заңды саналуға тиіс.

Енді ширек финалда Испания құрамасы осы күні алаң иелері – АҚШ-ты 4:1 етіп ойсырата ұтқан Бельгия командасымен кездеседі. Матч 11 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Инглвуд» стадионында ойналады.

Таңбалар: әлем чемпионатыиспанияПортугалияфутбол

Ұқсас мақалалар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды
Жаңалықтар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды

08.07.2026
Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ
Жаңалықтар

Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ

07.07.2026
Англия азшылық саппен алаң иесі – Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты
Жаңалықтар

Англия азшылық саппен алаң иесі – Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты

06.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist