Ресей армиясы украинның ірі қалаларына ракетамен соққылар жасады
КИЕВ. 23 қараша. Ресей армиясы аптадан артық үзілістен кейін украинның ірі қалаларына ракетамен жойқын соққылар беруді қайта жалғастырды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Оккупанттар әскерлері негізінен қалалардың энергетикалық инфрақұрылымдары нысандарын атқылауға күш салды. Қазір елдегі ондай құрылымдардың үштен бірі қиратылып тасталды.
Басқыншылар қалаларды атқылауды Еуропарламент РФ-ны терроризмнің демеуші мемлекеті беп танығаннан кейін бірнеше сағаттан соң бастап кетті. Осыған орай Украинаның бүкіл территориясында әуе дабылы жарияланды. Жарылыстар Киев, Запорожье, Днепропетровск, Винница секілді көптеген облыстары аумақтарынан естілді.
Осы атқылау барысында Киевте кемінде үш адам қаза тапты. Қала мэрі Виталий Кличко құрбандыққа ұшырағандардың бірі он жеті жасар қыз екенін айтты. Жалпы, атыстан 11 адам зардап шегіп, 10 адам госпитальдерге жатқызылған.
Киевтің мэрі қалаға қарай 31 ракетаның ұшқанын, олардың 21-і әуеде атып түсірілгенін баяндады. Бір ракета Киевтің инфрақұрылым нысанына соққан. Соның салдарынан ел байтағы жарық пен сусыз қалған, метро шектеулі режиммен жұмыс істеуге көшкен.
Мұндай қиыншылықтар басқа да көптеген облыстардың бастарына түскен.
Ал Еуропарламент қарар қабылдағаннан кейін хакерлер оның сайтына жаппай шабуыл жасаған. Бұлардың РФ-ның жалдамалылары екені еш күдік тудырмайды.