Батыс елдері Путинге «бейбіт келісімнің» шарттарын ұсынып отыр
КИЕВ. 12 қараша. Украинадағы соғыс басталғалы бері Путин батыс елдерінен «бейбіт келісімге» келу ұсынысын алды. Бұл туралы «Генерал СВР» хабарлады.
«Ресей президенті Владимир Путин өзі Украинаға соғыс ашқалы бері 10 қараша күні бірінші рет делдал мемлекеттерден бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндігін алды», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Кремль басшысына ұсынысқа қол сілтей салмай, өзіне ұсыныстың негізгі тұжырымдамалары «бүге-шігесін» өзгерте қоймай, жан-жақты ойлануға аужал беретін ахуалды пайдаланып қалуды табанды түрде тапсырды.
Ресей телеграм-каналы өзінің Кремльдегі мәнбесі берген дерекке сүйене отырып, «бейбіт келісімнің» төмендегідей ұсыныс беріп отырғанын атап көрсетті:
«Ресей Украинаның өзі басып алған территорияларынан әскерін әкетіп, Украина Қарулы күштерінің мемлекеттік шекараға дейін шығаруына мүмкіндік беруі керек. Қырым жеті жыл оқшауланып тұрады. Ресей Украинаның осы жеті жыл көлемінде НАТО-ға кірмейтініне кепілдік алады. Қырым милитаризациядан толық ада аймаққа айналады. (Онда тек атыс қарулары ғана болады). Ресейдің Қара теңіз Әскери-Теңіз флоты Қырымнан кетеді. Ресей мен Беларусь Республикасының Украинамен құрғақтағы шекарасы 100 шақырымға дейін демилитаризация жасалады. (Ресейдің ауыр қаруларынан). Екі жақтың бір-бірлеріне шабуыл жасаспау кепілдіктерін алты мемлекет тіркеуге алып, бақылап отыруға дайын».
Бұдан бөлек, ұсыныста Днестр жағалауы толығымен Молдованың бақылауына өтетіні айтылған. Ресурс бүгін және тағы бірнеше күн Путиннің бұл ұсынысты өзінің жақын шеңбері ауқымында талқылауға мүмкіндігі бар екенін жазады.