Қазақстанның 21 боксшысы Азия чемпионатының жүлделеріне ілікті
АММАН. 8 қараша. Иорданияның байтағы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық 21 былғары қолғап шебері жүлдегерлер сапынан орын алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Чемпионатта кеше ширек финалдық кезеңнің соңғы жекпе-жектері болып өтті. Оның қорытындысында Қазақстан ерлер құрамасының – 12, әйелдер командасының 9 мүшесі жартылай финалға жолдама алып, жүлдегерлер тізіміне енді.
Қыздар арасында мына спортшылар жүлдегер атанды: Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).
Енді ерлер арасында жартылай финалға шыққан барлық боксшыны атап өтейік:
48 кг. Аратаке Казума (Жапония), Рашед Зохаиб (Ауғанстан), Говинд Кумар Сахани (Үндістан), Санжар Тәшкенбай (Қазақстан);
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан), Томойа Цубой (Жапония), Енкхнандах Хуархуу (Моңғолия), Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);
54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан), Шахзод Музафаров (Өзбекстан), Паалам Карло (Филиппин), Санжал Сейдекматов (Қырғызстан);
57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан), Хусам Уддин Мохаммед (Үндістан), Абдумалик Халоков (Өзбекстан), Гантумур Лундаа (Моңғолия);
60 кг. Саматәлі Төлтаев (Қазақстан), Мохаммад Абу Жажен (Иордания), Адхамжон Мухиддинов (Өзбекстан), Байархуу Буандалай (Моңғолия);
63,5 кг. Руслан Абдуллаев (Қазақстан), Чу Ен Лай (Тайпей), Шива Тапа (Үндістан), Баходур Усмонов (Тәжікстан);
67 кг. Баатарсух Чинзориг (Моңғолия), Бунжонг Синсири (Таиланд), Дулат Бекбауов (Қазақстан), Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан);
71 кг. Сейад Еашхаш (Иордания), Мурадин Рустамбек уулу (Қырғызстан), Отгонбаатар Биамба-Ердене (Моңғолия), Асланбек Шынбергенов (Қазақстан);
75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан), Сейедшахин Моусави (Иран), Сукит (Үндістан), Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан);
80 кг. Омурбек Бекжигит уулу (Қырғызстан), Одилжон Аслонов (Өзбекстан), Хусеин Еишхайшахин (Иордания), Нұрбек Оралбай (Қазақстан);
86 кг. Эркин Адилбек уулу (Қырғызстан), Жаккопонг Жомхот (Таиланд), Сағындық Тоғайбай (Қазақстан), Одай Риад Аделхиндави (Иордания);
92 кг. Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан), Ахмад Сулейман Теймат (Иордания), Айбек Оралбай (Қазақстан), Тауфин Шарифи (Иран);
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан), Мухаммад Аброридинов (Тәжікстан), Лазизбек Мулложонов (Өзбекстан), Нарендер (Үндістан).
Сонымен, медальдарды мына елдердің боксшылары сарапқа салады: Қазақстан – 12, Өзбекстан – 10, Иордания – 5, Үндістан – 5, Моңғолия – 5, Қырғызстан – 4, Иран – 2, Таиланд – 2, Жапония – 2, Тәжікстан – 2, Тайпей – 1, Филиппин – 1, Ауғанстан – 1.
Өзбекстан құрамасы сапындағы Руслан Абдуллаев пен Мадияр Сайдрахимовтың қазақ жігіттері екенін де айта кетейік.
Чемпионатта 1-4 қараша күндері 1/8 финалдық іріктеу шайқастары ойналса, 5-7 қарашада 1/4 (ширек) финалдық сайыстарға орын берілді.
Бүгін – жарыста үзіліс.
Ертең жартылай финалдық кездесулер басталып, 10 қарашада аяқталады. Ал финалдық жекпе-жектер 11-12 қараша күндері өтеді.
Айта кетейік, осымен Амман қаласында екінші мәрте құрлық біріншілігі өтіп жатыр. Бұдан бұрын мұнда мұндай сайыс 2013 жылы өткен болатын.