Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Өзбекстан түрмедегі 58 тұтқынға рақымшылық жасады
ТАШКЕНТ. 7 ақпан. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қылмыстық жазаларын түрмелерде өтеп жатқан, бірақ өздерінің істеген істеріне өкініш білдірген 58 азаматқа рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Сайт сонымен бірге қалған 14 азаматтың қылмыстық жазалары мерзімі қысқартылғанын айтады.
Жауапты ведомстволар сондай-ақ түрмеден шыққан бұл азаматтарға жұмыс тауып беруге тиісті болып отыр.
Өзбекстан президенті 2019 жылғы желтоқсанда 92 азаматқа рақымшылық жасаған еді.