Әлия Назарбаеваның бірінші күйеуі қайтыс болды
МӘСКЕУ. 6 ақпан. Кремльді қалада Қырғыз Республикасының бірінші президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq ruhy хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 5 ақпан күні 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.
Қайғылы хабардың артынша Ақаевтар отбасындағы тағы бір қаза туралы ақпар тарады. Мұның алдында Асқар Ақаевтың жиені Құбан Ақаев та аурудан қайтыс болған екен. Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерлеу рәсімі 5 ақпан күні өткен.
Айта кетейік, Айдар Асқарұлы Ақаев 1976 жылы 20 ақпанда Ленинград қаласында туған. Қырғыздың сарыбағыш руына жатады. Артында әйелі Сайкал Чокубаева мен 1 ұл, 1 қызы қалды.
Айдар 1998 жылы алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлияға үйленген болатын. Олардың ортақ тұрмысы екі жылдан сәл асып, 2001 жылы аяқталды. Жұрттың көбі сол кезде бұл екеуінің некелері саяси себептерге қатысты жай формалды қиылғанын айтып жүруші еді. Айдар арада екі жыл өткеннен кейін «НБТ» телеарнасының жүргізушісі Сайкал Чокубаеваға үйленді. Сол жылы 27 қыркүйекте ұлы дүниеге келді. Ал 2006 жылдың 13 қазанында әйелі қыз туды. Айдар Мәскеуге көшкеннен кейін бизнеспен айналысқан.
Жалпы, Асқар және Майрам Ақаевтардың Бермет, Саадат атты қыздары, Айдар, Илим атты ұлдары болған. Олардың тұңғыштары Бермет қазақ жігіті Әділ Тойғанбаевқа тұрмысқа шыққан.