Мәжіліс депутаттары Астана атауын қайтаруды қалап отыр
АСТАНА. 2 қыркүйек. Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін Астана атауын қайтару жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Мәжілісмендер сонымен бірге президентті жеті жылдық мерзімге сайлау ұсынысына байланысты да дауыс берді.
Депутаттар тобы осыған байланысты қазір Конституцияға өзгеріс өнгізіп, президент сайлауын жаңа ереже бойынша биылғы күзде өткізу керек деп есептейді. Олар егер осы күзде кезектен тыс президент сайлауы 5 жылдық мерзіммен өтетін болса, сосын 7 жылдық мерзіммен бір реттік норма енгізілсе, онда келешекте оны ықтимал ұсыныспен үшінші мерзімге сайлауға жіберуге тура келер еді дегенді алға тартады.
Бұдан басқа, егер мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізбесе, онда екінші мерзімге сайлана алар еді, ал осы жолы жеті жылдық мерзімге сайланса, 2029 жылы оның президенттік уақыты толық аяқталады.
Депутаттар Астананың атын қайтарып беруді тарихи әділдікті орнату деп санайды.