Дугинаны Ресейдегі Ұлттық армия партизандары өлтірді
МӘСКЕУ. 21 тамыз. «Путиннің идеологы» Александр Дугиннің өзі секілді шовинист қызы Дарья (Дугина) Платонованы Ұлттық республикалық армия партизандары опат етті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Мұндай ақпарды РФ Мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Илья Пономарёв таратты. Ол Дарьяның өліміне қатысты жауапкершілікті Ұлттық республикалық армияның өз мойнына алып отырғанын жеткізді.
Пономарёв өзінің оппозициялық «Утро февраля» арнасының тікелей эфирінде осылай деді.
Экс-депутат Дарья Дугинаның жақында ғана өз сөзінде Ресей басып алған Украина территориясында украиндарға зорлық көрсетіп, жойып жіберуге шақырды.
«Ресей территориясында Ұлтық республикалық армия жүзеге асырған бұл акцияның (Дугинаны өлтіруге арналған) басқа көптеген партизан шараларынан тікелей айырмашылығы жоқ. Біз елдің территорясында қарсылық қозғалысы толқыны күшейіп келе жатқан Ресей партизандарындағы өз ресурстарымыздың көмегімен олармен сөйлестік», – деді ол.
«Партизандар» арнайы манифест қабылдаған екен. «Біз, ресейлік белсенділер, әскерилер мен саясаткерлер – қазіргі Ұлттық республикалық армия партизандары жауынгерлері, соғыс өртін тұтатушыларды, Ресей халықтарып тонаушылар мен езушілерді заңнан тыс адамдар қатарына қоямыз!
Біз президент Путинді Конституцияны бұзған, славян халықтары арасында бір-бірін өлтіруге бағытталған соғысты ашқан және Ресей солдаттарын мағынасыз және бірден өлімге апаратын соғысқа аттандырған билік узурпаторы және әскери қылмыскер деп жариялаймыз.
Біз Путинді тақтан тайдырып, өзін өлтіреміз!..
Біз РФ үкіметі мен өңірлік әкімгершіліктер шенеуніктерін узурпатордың жандайшаптары деп жариялаймыз, бұлардың арасында кімде-кім уәкілдігін тастап, қызметтерінен кетпесе жойып жібереміз.
Біз өз ақшаларын шенеуніктермен жемқорлық байланыс арқылы тауып отырған бизнесмендерді Отанын сатқан сатқындар және узурпатордың жандайшаптары деп жариялаймыз және оларды жойып жібереміз.
Біз соғыстан пайда тауып отырған және оған қаржылай-заңды мақсатта көмектесіп отырғандардың әскери жүктеріне жүктерін жойып жібереміз», – делінген онда.
Еске түсіре кетейік, Мәскеу түбіндегі Большие Вяземы кенті ауданында «Путиннің идеологы» Александр Дугиннің Ресей RT пропагандистері мен «Царьград» үшін жазып жүрген қызы Дарья Платонова рулінде отырған Toyota Land Cruiser Prado автомобилі жарылды, нәтижесінде жүргізуші әйел қаза тапты.
Оқиғаны 20 тамыз күні кешкі 21 сағатта орын алғаны анықталды.