Түркия билігі қырым татарларын жаппай қабылдауға көшті
АНКАРА. 13 тамыз. Түркия билігі өз елдерінде тұрғылары келетін қырымлыларды ұзақ мерзімге жаппай қабылдау жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«Түркия өкіметі қырым татарларына ұзақ мерзім тұруға рұқсат беретін құжат тарата бастады. Оларға түрік-месхеттер, Шыңжаң ұйғырлары және Болгария мен Грекиядан келген этникалық түріктер секілді «түбі түрік отындастар» мәртебесі беріледі. Бастаманы Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу 2022 жылғы маусым айында көтерді», – деп жазады Anadolu.
Әдетте Түркияда ұзақ жылға тұруға рұқсат алу үшін оны сұрайтын адам үздіксіз 8 жыл осында тұруы қажет. Көші-қон саясаты жөніндегі кеңестің 2017 жылғы 17 тамыздағы шешіміне сәйкес, содан бастап «түбі бір түрік отандастарға» жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтау міндетті болмай қалды.
Ресми мәлімет бойынша, Түркияда тұрып жатқан шетелдіктердің тек 8 пайызында ғана ұзақ мерзім тұруға рұқсат бар. Бұлардың да 75 пайызын түркі халықтарына қатысы бар адамдар құрайды.
Қазір Анадолы жерінде Украинадағы соғыста зардап шеккен 4 296 түрік текті босқын тұрып жатыр. Олардың 2 804-і бес облыстағы орталықтарға орналастырылған. Бұлардың 2 395-і – месхет түріктері, 409-ы – қырымлылар.
2002 жылдан бері 102 мың түрік-месхет, 6 800-ге жуық ұйғыр Түркия азаматтығын алып үлгерді.