Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

ФИФА мен УЕФА-ның экс-президенттері жемқорлықтан ада болып шықты

ЖЕНЕВА. 8 шілде. Швейцарияның федералды соты ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер мен УЕФА-ның экс-басшысы Мишель Платиниді ақтап шығарды. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Швейцарияның федералды соты ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер мен УЕФА-ның экс-басшысы Мишель Платинидің үстерінен жемқорлық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істе тоқтатты». – делінген хабарламада.

Сот биылғы 8 маусымда 86 жастағы Блаттер мен 66 жастағы Платинидің істерін қарауды қолға алған еді. Прокуратура оларға екі жылдық сынақ мерзімімен 20 ай түрмеде отыруға үкім кесуді сұраған еді.

Өткен жылғы қарашада Швейцария федералды прокуратурасы Блаттер мен Платиниге ФИФА тарапынан Платиниге 2 млн швейцар франкі (2,2 млн долларға жуық) көлемінде заңсыз төлем жасалуына байланысты айып таққан болатын. Бұрынғы футбол функционерлері осыған орай алаяқтық, сенімді асыра пайдалану және ұйымды арсыз басқару баптары бойынша айыпталған.

Сотта Блаттер бұл ақша Платиниге 1998-2002 жылдары ФИФА басшысының көмекшісі болып жүрген кезінде «джентальмендік келісім» аясында төленгенін айтып, алаяқтық жөніндегі айыптауды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ФИФА Платинидтің 1 млн швейцар франкі көлеміндегі жалақы жөніндегі сұранысын бірден қанағаттандыра алмаған, сондықтан тараптар оған басында 300 000 швейцар франкі көлемінде төлеп тұруға, қалғанын кейін төлеуге келіскен. Ал Мишель Платини 2010 жылға дейін өзінің ақшаға зәру болмағанын, сол себепті оны сұрай қоймағанын айтты. Осы ақшаға байланысты тексеріс 2015 жылы басталған, мұның соңы Блаттерді 1998 жылдан бері атқарып келе жатқан қызметінен кетуге мәжбүр еткен.
2016 жылғы ақпанда Блаттердің орнына Джанни Инфантино келді. Блаттер футболдан қуылғаннан кейін оған байланысты әрекеттерден алты жыл, сегіз айға шеттетілді.

Платини УЕФА басшысы орынтағын 2007-2015 жылдары алды. 2015 жылдың күзінде футболға қатысты тірліктерден төрт жылға дейін шеттетілді. Бұл мерзім 2019 жылы қазанда аяқталды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button