Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Ресей Үкіметі отставкаға кетті
МӘСКЕУ. 15 қаңтар. Ресей Үкіметі өзінің толық құрамында оставкаға кетті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путин Федералды жиналысқа арнаған дәстүрлі жолдауында билік конфигурациясын өзгертетін конституциялық реформа үшін бірнеше шара ұсынған болатын. Үкімет тап осының аясында өзінен уәкілдікті алып тастап отыр. Мұны Владимир Путин қатысқан Үкімет отырысында премьер-министр Дмитрий Медведев өзі жариялады.
Осыдан кейін президент Үкіметтің жаңа құрамы құрылатынын жеткізді.
Ал Дмитрий Медведевтің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болатын түрі бар.