Серікжан Біләш құлып астынан босатылды
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты ұлтаралық қақтығысқа шақырды деген айып тағылған «Атажұрт» тіркелмеген қозғалысының лидері Серікжан Біләштің ісін қарады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Соттың шешімімен Серікжан Біләш құлып астынан босатылып, 110 мың теңге көлемінде айыппұлға тартылды. Бұл соманың жартысы шағым берушілерге кетеді.
Сот шешімі шығар кезде Біләштің жақтастары мен «Атажұрт» қозғалысының мүшелері сот ғимараты алдына жиналды. Олар сотталушыны босатуды талап етті. Ал Біләш құлып босатылғаннан кейін жиналғандар алдында қысқаша сөйлеп, үйіне қайтты.
Серікжан биылғы жылғы мамыр айында ұсталған еді. Оған 8 ақпанда Алматыда өткен ас барысында көпшілікті этникалық қытайларға қарсы «джихад» ұйымдастыруға шақырды-мыс деген айып тағылды. 11 наурызда Астана қаласының соты оны екі айға үйқамақта ұстауға шешім шығарды.
Серікжан Біләш – тіркелмеген «Атажұрт» қозғалысының негізін қалаушы. Қозғалыс мүшелері бұдан бұрын өз лидерлерінің Алматыда ұсталғанын, оның қазір қайда екенін білмейтіндерін мәлімдеген еді. Сосын Серікжанның қорғаушысы Айман Омарова Астана аттанды. Бірақ, оның айтуынша, ондағылар өзін Біләшқа жібермеген, оған адвокат ретінде мемлекеттік қорғаушы ұсынылған.