Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Ресейде тағы бір әскери комиссариат отқа өртенді
МӘСКЕУ. 18 мамыр. Бүгінге қараған түні Мәскеудің түбіндегі Щелково әскери комиссариатының үйі өртенді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Агенттік тілшісінің хабарлауынша, әлеуметтік желідегілер ғимаратқа әлдекімдердің түн қараңғылығында «Молотов коктейлін» лақтырғанын жазып жатыр.
Бұған дейін Ресейдің көптеген қалаларында әскери комиссариаттардың қолдан өртелгені белгілі болған еді.
Мұның бәрі Украинадағы «Путин соғысына» қарсылық, оған қатысуға келіспеушілік ретінде бағаланатыны еш күмән тудырмайды.