Медведев: «Біз G7 елдерінің мойындамауларына түкірмейміз»
МӘСКЕУ. 16 мамыр. Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев «Үлкен жетілік» елдерінің Ресейдің Украинадан басып алған жерлерін мойындамайтынына түкірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.
Әңгіме мынада болып отыр. Мұның алдында Германияда G7 елдері сыртқы істер министрлерінің үш күнге созылған кездесуі өтті. Жиын қорытындысында топ мүшелері бірлескен мәлімдеме жасап, онда G7-ның Украинаның басқыншылық жолымен өзгеріп кететін шекарасын ешуақытта мойындамайтындарын атап көрсетті.
«Біз Ресейдің әскери агрессия арқылы өзгертуге тырысқан шекараларын ешқашан мойындамаймыз және Украинаның, соның ішінде Қырым мен барлық аймақтардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау жөніндегі міндеттемемізді сақтаймыз», – делінген мәлімдемеде.
Бұған қоса, «Үлкен жетілік» елдері Беларусьті «Ресей агрессиясына жол бермеуге және халықаралық міндеттемелерін орындауға» және Қытайды «Ресейге агрессивті соғыста көмектеспеуге» шақырды.
Дмитрий Медведевтің ойынша, G7 елдері отын-жылу және азық-түлік мәселелерімен айналысқылары келмейді. Мұның орнына олар РФ-мен «жасырын соғыс» жүргізу үшін Украинаға қару-жарақ жеткізіп бергеннен басқаның бәріне Ресейді кінәлайды.
«Өзгерген шекараны мойындамайды». Жұмсартып-ақ айтайын: біздің еліміз G7 елдерінің жаңа шекараларды мойындамауларына түкіріп қойыпты, маңыздысы – сонда тұрып жатқан жұрттың шынайы еркі. Косоводағы жағдайды ұмытпаңыздар, батыстық достар», – деп жазды Медведев телеграм-каналда.