Украин әскерилері Изюм түбінде жаудың 200 солдатын құртты
ХАРЬКОВ. 2 мамыр. РФ өткен тәулікте Харьков облысының Изюм қаласы түбінде 200-ге жуық әскерилерінен айырылды. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович «Фейгин Live» эфиріне берген сұхбатында Изюм үшін шайқаста жаудың 200-ге таяу солдаттары мен элиталы спецназының ажал құшқанын айтты.
Ол сондай-ақ украин жауынгерлері ресейліктердің Изюм түбіндегі командалық пунктіне берген соққысы нәтижесінде кемінде екі жүз қаралы РФ әскерилері жантәсілім етсе, солардың 30-ы аға офицерлер екенін атап өтті.
Тәулік ішінде басқыншылардың ондаған танкілері мен БТР-лары құртылды.
Бүгін таңертең Змеиный аралының маңында украин жауынгерлері «Байрактармен» орыстың «Раптор» типті екі катерін жойып жіберді.
Луганск облысында «Вагнер» жеке әскери компаниясы құрамындағы «Барс-7» штурм жасағының 7 содыры тұтқынға алынды. Олар украин траншеяларына түсіп, өздері шабуылға шыққан. Алайда, көп ұзамай өздері қоршауда қалып, берілуге мәжбүр болды.
Айтуларынша, Ресей әскери комиссариаттары арқылы майданға келіпті, ай сайын алатын жалақылары көлемі 205 мың рубль шамасында.
Осылар жайында баяндаған украин журналисі Юрий Бутусовтың мәліметінше, қолға түскен вагнершілер арасында мыналар бар:
- майор Виктор Коржавин, Челәбі облысынан,
- кіші сержант Дмитрия Юшков;
- радист Сергей Богданов, Краснодар өлкесінен, Тимошевск қаласы,
- солдат Владимир Насыров, Уфа қаласынан;
- солдат Валерий Суднев, Ижевск қаласынан,
- бейбіт тұрғын Дмитрий Коваленко, Луганск қаласынан;
- тағы бір Ресей тұрғыны Томск қаласынан.
Сондай-ақ «Барс-7» жасағының майданға 20 сәуірде тасталғаны айтылды. Осы 10 күннің ішіндегі шайқастарда отрядтың 400 адамы өлтіріліп, 150 адам әртүрлі жарақат алып қалған.