Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Зеленский: РФ әскерилерінің Бучадағы қылмыстары – геноцид

КИЕВ. 5 сәуір. Кеше Буча қаласына барған Владимир Зеленский РФ әскерлерінің онда істеген әрекеттерін тек «геноцид» деп бағалауға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Segodnua.ua хабарлады.

Украина президенті оккупанттардың Бучада істеген жантүршігерлік айуандық әрекеттерін өз көзімен көрген кезде қатты түңіліп, мұны әлі бүкіл әлем «геноцид» ден танитын уақыттың келетінін айтты. Ол бұдан кейін Ресей билігімен келіссөз жүргізудің енді қажеттілігі барына күмән келтірді.

«Президент жол бойында шашылып, қирап қалған Ресей техникаларын көріп, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Зеленский сондай-ақ Ресей агрессор елінің Украинада бейбіт тұрғындарды жаппай қырған геноцид жасағанын мәлімдеді», – деп жазды «BBC News Русская служба» telegram-каналы.

Президент Бучаға сапары кезінде Би-би-си тілшісінің сұрағына орай «Иә, бүкіл әлем Ресейдің бұл қылмысын айыптайтын болады» деп жауап берді.

Бучадағы қылмыстары ашылып қалғаннан кейін РФ басшылығы өздерінің бұған қатыстары жоқтығын айтып, БҰҰ-ға шұғыл Қауіпсіздік кеңесін шақыруды талап етті.

Бірақ Кеңестің қазіргі жетекшісі Ұлыбритания мұны бірден жауып тастады. Кеңес отырысы орыстар сұрап жатқандай дүйсенбі күні емес, өзінің кестесі бойынша сейсенбі күні өтетін болды.

Бірқатар елде қазір Ресейді Қауіпсіздік кеңесінен шығарып тастауды ұсынып отыр.

Бұл екі ортада АҚШ-тың New York Times газеті Бучада адамдардың жаппай өлтірілуі РФ армиясы бұл жерден кеткен 30 наурыздан кемі жарты ай бұрын басталып кеткенін айғақтайтын спутник суреттерін таратты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button