Ресей тергеушілері Невзоровтың үстінен қылмыстық іс қозғады
МӘСКЕУ. 23 наурыз. Ресей тергеу комитеті белгілі публицист Александр Невзоровтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «Новое время» хабарлады.
Іс Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің іс-әрекеті жөнінде жалған ақпаратты қасақана көпшілікке таратуы туралы бап бойынша қозғалды.
Тергеудің мәліметі бойынша, Невзоров 2022 жылы 9 наурызда РФ-да тыйым салынған инстаграмдағы өз парақшасында және 19 наурызда YouTube арнасында «Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Мариупольдегі перзентхананы әдейі атқылағаны жөнінде жалған ақпаратты қасақана жариялаған».
Александр Невзоров кезінде Ресейдің 6-арнасынан орын алған әйгілі «600 секунд» бағдарламасының жүргізушісі ретінде қалың көпшілікке танылған.
Ол соңғы күндері YouTube арнасында Ресейдің Украинадағы әділетсіз соғысын сынаған бірнеше сюжет жариялады. Бұрнағы күні Израильде көпшілікпен кездесу кезінде «Путин умер» деген тақырыпта әңгіме жүргізді. Ол You Tube-те жарияланды.
Бүгін РФ Қарулы күштерінің іс-әрекеті жайында «фейк» таратты деген айыппен Сергей Клюков екі айға қамалды.
«Азаттық радиосы» мен «Эхо Москвы» радиосында қызмет істейтін Псков журналисі Светлана Прокопьева Ресейден кетуге мәжбүр болды.
Сахада үш адам месенджерде РФ Қарулы күштерін қаралайтын хабарлама жариялағандары үшін айыпқа тартылды.