ФИФА мен УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын шеттетті
ПАРИЖ. 1 наурыз. ФИФА мен УЕФА бірлескен шешімге келе отырып, футболдан Ресей құрамасы мен клубтарын барлық халықаралық турнирлерден шығарып тастады. Бұл туралы ФИФА сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Шешімдерді екі ұйымның жоғары директивалық органдары – ФИФА кеңесінің бюросы және УЕФА атқару комитеті бірлесіп қабылдады.
Ресей құрамасы 24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы түйіспе матчында Польша құрамасымен өз алаңындағы бірінші кездесуін өткізуі керек еді. Бірақ поляктар агрессор елдің терме жамағатымен ойнаудан бас тартты. Бұдан кейін осы топтағы Чехия мен Швеция командалары да осындай мәлімдеме жасады.
Ресей құрамасы енді бұл матчтардың бәрінен қағылды. Бұған қоса, Ресей әйелдер құрамасы 6-31 шілдеде Англияда өтетін Еуропа чемпионатынан да шығарып тасталды.
Осылайша, ФИФА алдыңғы күні қабылдаған шешімін күшейтті.
Ескерте кетейік, алғашқы шешімде Ресей құрамасының халықаралық кездесулерге РФО (Ресей футбол одағы) атымен шығатыны, ешбір ойынды өз алаңында өткізе алмайтыны, ол қатысқан матчтарда Ресейдің гимні ойналып, туы көтерілмейтіні атап көретілген еді. Енді олардың да еш керегі болмай қалды.
Бұдан басқа, Мәскеудің «Спартагы» Еуропа лигасының 1/8 финалында Германияның «Лейпцигімен» ұшырасуы тиіс еді. Бірінші кездесу 10 наурызда Германияда, қарымта кездесу 17 наурызда Ресейде өтуі керек-тін.
Бұлардың артынша Ұлттық хоккей лигасы РФ-лық бизнес-әріптестерімен қарым-қатынасын үзді.
Бұдан бір күн алдын бұрынғы чех хоккейшісі ҰХЛ-ны өзінің командаларында ойнайтын ресейлік хоккейшілермен контрактілерін бұзуға шақырған болатын.
Соның алдында Ресей президенті Владимир Путин Халықаралық дзюдо федерациясының құрметті президенті атағынан айырылды.
Скандинавия елдері мен Чехия өз жерлерінде өтетін қысқы спорт жарыстарына Ресей спортшыларының жіберілмеуін сұрады.
Айтқандай, Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі енді Ресей территориясында өткен кәсіпқой боксшылар жекпе-жектерінің нәтижелерін мойындайтынын жариялады.
Осының бәріне Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясы басты себеп болып отыр.
Ел спорт жағынан да оқшауландырылып жатыр.