Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Араб қазақ қызының қалыңмалына 10 миллион теңге берді
АЛМАТЫ. 7 ақпан. Бір араб жігіті өзіне тұрмысқа шығатын қыз үшін оның анасына қалыңмал ретінде 10 млн теңге берген. Бұл туралы «Эспресс К» хабарлады.
«Ғаламторда арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының видеосы пайда болды. Күйеу жігіт қалыңмалға 10 миллион теңге әкелген», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ұзатылған қыздың Түркістан облысындағы Кентау қаласының тумасы екені де айтылып жатыр.
Аталмыш оқиға жайлы видео Facebook желісінде жарияланып, қызу талқылауға түсіпті.
Онда арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын көруге болады.
Күйеу жігіт қыздың анасына қалың малға 10 миллион теңге ұстатады. Ал қуанышқа келген қонақтар шапалақ ұрып, араб жігітке ризашылықтарын білдіріп жатыр.