Күштік құрылымдар қызметкерлері үстінен 105 іс қозғалды
АСТАНА. 6 ақпан. Қаңтар қырғынынан кейін тереу жұмыстарын қолға алған күштік құрылымдар қызметкерлеріне қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Бүгінгі таңға прокуратура органдарына тергеуде рұқсат етілмеген тәсілдерді қолдану, өздерінің билігі мен лауазымдық уәкілдіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша 148 шағым түсті. Соның ішінде 105 факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұлардың 91-і рұқсат етілмеген тәсіл қолданғандар болса, 14-і өздерінің билігі мен лауазымдық уәкілдіктерін артығымен пайдаланған деген күдікке таңылып отыр. Бұлардың арасында әлеуметтік желіде жарияланған Атырау облысындағы «Динамо» стадионында орын алған, Алматы облысында азамат Азамат Батырбаевқа қатысты жасалған инциденттер де бар», – деді Бас прокуратураның бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Оның айтуынша, тергеу әділетті жүруі үшін сондай 104 іс жемқорлыққа қарсы күреске және 1 іс арнайы прокурорларға тапсырылған.
«Ақпанның 4-не дейін тергеу-жедел топтар өндірісінде 2750 қылмыстық іс болды. Осы істер бойынша 802 күдікті соттың санкциясы бойынша құлып астына алынды. Олардың арасындағы 113 адам бұрын кісі өлтіргені, тонағаны, қарақшылық шабуыл жасағандары үшін сотты болған». – деді прокуратура өкілі.
Оның айтуынша, 103 адам уақытша ұстау оқшаулағышынан босатылған.