19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жириновский Назарбаевтың тірі екеніне күмән келтірді

16 Қаңтар 2022 19:48
- Жаңалықтар, Тіршілік
Жириновский Назарбаевтың тірі екеніне күмән келтірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 қаңтар. Ресейдің ЛДРП партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты әлдеқашан бақилық болып кеткен деп есептейді. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады.

Владимир Жириновский – бұрынғы қазақстандық, Алматы қаласының тумасы. Ол жоғарыдағы болжамын «Комсомольская правда» газетінің радиосы эфирінде айтты.

«Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлдеқашан қайтыс болған», – деді ол өзінің сөзінде. Саясаткер ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы да қолға түскенін алға тартып, республиканың бұрынғы басшысының бір жерде тығылып жүруі мүмкін екенін жоққа шығарды.

«Мен оны баяғыда өліп қалды деп ойлаймын. Баяғыда өліп, жерленіп қойылған. Мұсылмандар өлген күні жерленеді. Тірі болса ол, қалайша тып-тыныш тығылып жата береді? Мұның реті келмейді. Оның үстіне, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірден қамауға алынды ғой», – деп мәлімдеді Жириновский тілшінің Назарбаевтың тірі-өлі екені жөніндегі сауалына жауап беріп тұрып.

Саясаткер бүкіл халық Назарбаевқа қарсы көтерілгендіктен, одан құтылулары да мүмкін деген топшы білдірді. Бұған мысал ретінде Ауғанстанның Халық-демократиялық партиясының бас хатшысы Нұр Мохаммад Таракидің 1979 жылы қысқа мерзімде тақтан тайдырылып, құпия жойылып жіберілгенін келтірді.

«Ол жақ – Шығыс. Онда – өлім де жедел», – дегенді қосты ЛДРП жетекшісі.

Назарбаев жаңа жылда жаппай қарсылық қозғалысы басталғалы бері халық алдында көрінген жоқ. Бұл ол туралы алуан түрлі қауесеттердің тууына себеп болып жатыр.

Бұдан бөлек, бұрынғы президенттің Қытайда, Қырғызстанда немесе БАӘ-де жүргені жайында да версиялар бар. Сол сияқты оның қайтыс болғаны, ұрланып әкетілгені немесе қапаста ұсталып отырғаны туралы да қауесеттер айтылып жүр.

Бұдан алдын «Эксперт» Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада екенін хабарлаған еді. Мұны басылым бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter әлеуметтік желісіне орналастырған жазбасына сүйеніп баяндады. Ол өзінің жазбасында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екенін, президенттің ақылдасып тұратынын атап өткен-ді. Ал бұдан кейін бұрынғы президенттің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы лауазымын да өзі бергенін жазды. Сонымен бірге бұл мәселеге байланысты жалған ақпар таратпау жөнінде өтінді. Алайда, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл мәлімдемені тұспалдап жоққа шығарған хабарлама жазып, сұхбат берді. Ол президенттің барлық мәселені мемлекет басшысы ретінде жеке-дара шешіп келе жатқанын, ешқандай кеңесшіге арқа сүйеп отырмағанын, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңсесін де елдің бірінші басшысы ретінде өзі қолына алғанын мәлімдеді.

 

Таңбалар: болжамЖириновскийНазарбаев

Ұқсас мақалалар

Теннис: Арина Соболенко – Елена Рыбакина матчына болжам
Жаңалықтар

Теннис: Арина Соболенко – Елена Рыбакина матчына болжам

12.09.2026
Ағат пікірге – адаспас ақиқат
Жаңалықтар

Ағат пікірге – адаспас ақиқат

01.09.2026
Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist