Өзбекстанда Қазақстандағы оқиғаларды жазуға тыйым салынды
ТАШКЕНТ. 12 қаңтар. Қазақстанда жатқан жаппай тәртіпсіздік болып жатқан күндері өзбек блогерлеріне бұл оқиғалар жайлы жазуға тыйым салынды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
«Жаппай тәртіпсіздік пен қарсылық қозғалыстары туып кетуінен қорыққан Өзбекстан қауіпсіздік қызметі жергілікті блогерлер мен журналистерге Қазақстандағы оқиғалар жайлы жазуға ресми емес түрде тыйым салды», – делінген хабарламада.
Бұл жайында «Озодлиқ» радиосы» де баяндаған. Портал тілшілері бірнеше өзбек блогерімен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын ашқан. Сонда олар көрші республикада болып жатқан жайлардың өзбек құқық қорғаушыларының назарында болғанын айтқан. Тілшілердің бірқатары милиция мен арнайы қызмет орындарына шақырылып, Қазақстандағы оқиғаларға қатысты хабарлар мен мен видеолар жарияламау жөнінде ескерту алған.
«Мен өз арнама Қазақстандағы мародерліктер туралы екі-үш видео салдым. Бірақ артынша қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалынып, оларды алып тастау және бұдан былай бұлар жайлы ештеңе жарияламау жөнінде тапсырма алдым», – деді елдегі белгілі блогер.
Шынымен, осы күндері Өзбекстанның бірде-бір сайты Қазақстандағы оқиғалар турасында ләм-лим деп жақ ашқан жоқ.