Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Лионель Месси кезекті рет «Алтын допты» жеңіп алды

ПАРИЖ. 30 қараша. Кеше түнде Парижде француздың «Пари Сен-Жермен» командасы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге 2021 жылдың «Алтын доп» сыйлығы тапсырылды. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Осымен ол бұл жүлдені жетінші мәрте жеңіп алып отыр.

Аргентина футболшысы биылғы бәсекенің  дауыс беру қорытындысында 613 ұпай жинады. Екінші орынға 580 ұпаймен «Бавария» командасы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски орналасты. Үшінші тұғырға Лондонның «Челси» командасы мен Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоржиньо көтерілді.

Сөйтіп, Месси өзінің рекордын жаңарта түсті. Бұл бәсекеде екінші орында «Алтын допты» бес рет алған «Манчестер Юнайтедтің» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тұр.

Лионель Месси сыйлықты алу салтанатына бүкіл отбасы мүшелерін алып келді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button