Өзбек сайттары Яхшибоевтың голы туралы жазып жатыр (видео)
ТАШКЕНТ. 29 қыркүйек. Молдованың Тирасполь қаласының «Шериф» командасы сапында ойнайтын шабуылшы Жасурбек Яхшибоевтың Мадридтің «Реалы» дарбазасына салған голы бүкіл Өзбекстанды шулатып жатыр. Бұл туралы Sputnik.uz сайты хабарлады.
Жалпы, бұл матч жайында республикадағы барлық сайт жазды.
«Өзбекстан шабуылшысы Жасурбек Яхшибоев 25-минутта Мадридтің «Реалы» қақпасына баспен гол соқты», – деп баяндады сайт.
Агенттік сондай-ақ оның ойындағы бірінші допты Кристианоның айып алаңына әуелетіп берген пасынан соққанын да атап көрсетті. Екінші голды 89-минутта Себастьян Тилль түсірді. Ол сол қапталдан қолмен лақтырылып берілген доп айып алаңына жетіп, кері қайтарылғаннан кейін оны тоқтатпастан әуеде сол аяғымен ұрды. Доп «тоғыздыққа» барып топ етті.
Осы екі аралықта «Реал» сапынан шабуылшы Карим Бензема пенальтиден алғашқы доптың қарымтасын қайтарған еді. Бельгиялық арбитр Лоуренс Виссер оны айып алаңында Виниус Жуниор шалып құлатылғаны үшін белгіледі.
Осы ұтыстан кейін топтағы жеңісі санын екеуге жеткізген молдован клубы 6 ұпаймен көш бастады.
Тираспольдің «Шерифі» өзінің тарихында биыл бірінші рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Және алғашқы мәрте Мадридтің «Реалын» ұтты. Оның үстіне, Мадридтің өзінде, «Сантьяго Бернабедің» төрінде жеңгені тағы бар.
Өзбекстан құрамасының хужимчиси (шабуылшысы) Жасурбек Яхшибоев 2021 жылғы тамызда «Шерифтің» ойыншысы атанды. Бұдан бұрын, яки 2020 жылдың шілдесінде ол Ташкенттің «Пахтакорнынан» Беларусьтегі Соликамскінің «Шахтёріне» ауысып келген еді.
Өзбектің «Sport.uz» порталы бұл күні өз парақшасында: «Молдованинг «Шериф» клуби таркибида тўп сураётган ўзбекистонлик футболчи Жасурбек Яхшибоев Европа чемпионлар лигаси доирасида «Реал Мадрид» дарвозасига гол урди. «Сантьяго Бернабеу» стадионида кечган ўйин 1:2 ҳисобда Жасурбек Яхшибоев жамоасининг ғалабаси билан якунланди», – деп жазды.
Ал «Газета.uz» порталы төмендегідей хабар жариялады:
Ўзбекистонлик футболчи Жасурбек Яхшибоев «Реал» дарвозасига гол урди (видео)
Молдованинг «Шериф» клуби ҳужумчиси Жасурбек Яхшибоев ЕЧЛ доирасидаги ўйинда «Реал Мадрид» дарвозасига гол урди. «Сантьяго Бернабеу»даги ўйин Молдова клуби ғалабаси билан якунланди. Икки ўйиндан бери ғалаба қозонаётган Яхшибоевнинг жамоаси ўз гуруҳида 6 очко билан биринчи ўринда кетмоқда.
Молдованинг «Шериф» клуби таркибида тўп сураётган ўзбекистонлик футболчи Жасурбек Яхшибоев Европа чемпионлар лигаси доирасида «Реал Мадрид» дарвозасига гол урди.
«Сантьяго Бернабеу» стадионида бўлиб ўтган ўйиннинг 25-дақиқасида жамоадошининг чап қанотдан узатган тўпини Яхшибоев боши билан мадридликлар дарвозасига йўллади ва ҳисобни очди.
32-дақиқада Яхшибоевда яна бир яхши имконият юзага келди, бироқ унинг жарима майдончаси ташқарисидан йўллаган зарбасига бироз аниқлик етишмади. Ўйиннинг 57-дақиқасида Жасурбек Яхшибоев алмаштирилди.
65-дақиқада қироллик клуби ҳужумчиси Карим Бензема пенальтидан ҳисобни тенглаштирди.
Ўйиннинг охирида, 89-дақиқада «Шериф» ярим ҳимоячиси Себастьян Тилль гол уриб, молдовалик клубга мусобақадаги иккинчи ғалабани нақд қилди. Ўйин 1:2 Жасурбек Яхшибоев жамоасининг ғалабаси билан якунланди.
Чемпионлар лигаси «Д» гуруҳидан ўрин олган «Шериф» икки ўйиндан кейин 6 очко билан ҳозирда ўз гуруҳида пешқадамлик қилмоқда. Мадридликлардан ташқари, Яхшибоев клуби билан бир гуруҳда Украинанинг «Шахтёр Донецк» ва Италиянинг «Интер» жамоалари ҳам бор.
ЎФА матбуот котиби Даврон Файзиевнинг ёзишича, футбол бўйича Ўзбекистон терма жамоаси бош мураббийи Сречко Катанец 24 ёшли ҳужумчини октябрдаги йиғинга чақирган.
Маълумот учун, Жасурбек Яхшибоев 30 август куни «Шериф» клуби сафига ижара асосида «Легия Варшава» клубидан келиб қўшилган эди.