Өзбекстан шекарасынан 84 ауған жауынгері бергі бетке өтті
ТАШКЕНТ. 16 тамыз. Өзбекстан шекарасынан 84 ауған солдаты өтті, қалғандары «Термез-Хайротон» көпірінде қалды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
«14 тамызда Ауғанстан Қарулы күштерінің 84 адам көлеміндегі әскери қызметкерлері тобы мемлекеттік шекара сызығынан өтті, қалғандарын мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлері ұстап ұалды, оның барысында шекара бұзушылар қарсылық көрсеткен жоқ, мұның орнына көмек көрсетуді, соның ішінде үш жаралы жауынгерге медициналық жәрдем беруді сұрады», – делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
«Сонымен бір мезгілде қазір «Термез-Хайратон» көпірінің ауған жақ бөлігіне Ауғанстанның үкімет армиясы әскерлерінің жиналып жатқаны атап өтіледі», – деп жазылған мәлімдемеде.
Қазір Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ауған тарапымен аталған азаматтарды отандарына қайтару және «Термез-Хайратон» көпірі ауданындағы ахуалды ретке келтіру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болып отыр.