Украинада украин тілін білмейтіндерге елден кету ұсынылды
КИЕВ. 6 тамыз. Украинада украин тілінің кең өріс алуына қарсыларға елден кету ұсынылып жатыр. Бұл туралы «Страна.ua» хабарлады.
Украинада мемлекеттік тілді қорғау жөніндегі өкіл Тарас Кремень «Төртінші арна» атты телеарнада сөйлеген сөзінде Украинадағы украин тіліне деген қауіптің ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтті. Ол тіл «ұлттың өзіндік коды» болатынын, ал «мованың» барлық салаларда қолданылуы жергілікті украин халқын құрметтеу болып табылатынын айтты. Мысалы, Польшада – поляк тілінің, Чехияда чех тілінің кемдік көруі мүмкін бе? Мүмкін емес. Ендеше, Украинада да солай болуы тиіс.
Осыған орай Тарас Кремень Украинаның украиндануына қарсы болатындарға бұл елден кетуді ұсынды. «Кімді украин тілі жөніндегі өкіл, тіл туралы заң, украин мемлекеті қанағаттандырмайды – мархабат, мұның бәрін бір қағазға жазып қалдырыңыздар да, өздеріңізді жайлырақ сезінетін басқа елге қарай жөней беріңіздер, сіздерді ешкім ұстамайды», – деп сөзін қорытты ол.
Омбудсменнің бұл ұсынысы жақында украин дәрігері және тележүргізуші Евгений Комаровскийдің республикадағы тіл заңнамасын сынауына қайтарған нақты жауап болды.
Украинада 2019 жылдан бері «Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету туралы» заңы қолданыста келеді. Ол мемлекеттік билік пен өзін өзі басқару органдарында, оқу орындарында, ауруханалар мен қызмет көрсету салаларында «мованы» міндетті пайдалануды талап етеді.